ЭКСКУРСИЯ УАҚЫТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы келушілер үшін ұйымдастырылатын экскурсиялардың уақыты:

Дүйсенбі-жұма:  10:00,11:00,12:00,15:00,16:00,17:00.

Сенбі-жексенбі: 10:00, 12:00, 15:00.

Ескерерлігі: экскурсиялар сенбі-жексенбі күндері тек алдын-ала берілген тапсырыс бойынша және кемінде он адамнан тұратын топқа өткізіледі. Тапсырыс ағымдағы аптаның жұма күнгі 15:00-іне дейін қабылданады.

Экскурсияға 8 (7172) 69-30-42 телефоны бойынша немесе www.presidentlibrary.kz сайтындағы электрондық тапсырыс тетігі арқылы жазылуға болады.

Экскурсия келушілердің қалауына қарай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әрі тегін жүргізіледі.

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10. Келушілер ғимаратқа кіруі үшін жеке куәлігін ала келуі керек.

Экскурсия Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен және қызметімен, оның жасампаз идеяларымен және бастамаларымен экспонаттар арқылы жақынырақ таныстырады.