Еңбек әулеттері мерекесі

25 қыркүйек күні сағат 16:00-де Елбасы Кітапханасында «Еңбек әулеттері мерекесі» тақырыбында кездесу өтеді.

Еңбек күні мен ұстаздар мерекесіне арналатын шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы.

Шараның мақсаты: ата кәсібін жалғастырушы отбасыларды ұлықтап, оларға құрмет көрсету.

Кездесуге ұстаздар (Мақановтар: 11 ұстаз), дәрігерлер (Төлеутаевтар: 14 дәрігер) және теміржолшылар әулеті  өкілдері (Айтбековтер: 20 теміржолшы) шақырылып отыр.

Басқосуға Астана қаласының Медицина университетінің студенттері, Еуразиялық гуманитарлық институт колледжі, Мемлекеттік Медициналық, Гуманитарлық, Көлік және коммуникация, М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация колледждерінің оқушылары, Елбасы Кітапханасы «Кемел Ел» жастарды тәрбиелеу орталығының мүшелері қатысады. Қонақтар еңбекті құрметтеу, кәсіби біліктілікті мақтан ету, еңбектегі жетістіктері мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау жөнінде әңгіме  қозғап, өз тәжірибелерімен бөліседі.

Қазақстанда Еңбек күні қыркүйектің соңғы күнінде, ал ұстаздар  мейрамы қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтіледі.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com