«Тұңғыш - Первый» деректі фильмдер күні

10 шілде күні Елбасының Кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетілімі болады.

Елбасының Кітапханасы Астана Күніне арналған 1-10 шілде аралығында өткізген Ашық есік күндерін аяқтайды.

Қазақстан Республикасының телерадиокешені дайындаған (2014-2015 жж.) жаңа деректі фильмдерін «Жас Отан» ЖҚ, «Астана Жастары» КММ, «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, Қазақстан жастар конгресі, «Болашақ» стипендиаттарының Қауымдастығы, «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер  ұйымы, «Жасыл Ел» жасағының мүшелері, Астана қаласының ЖОО студенттері және мектеп оқушылары тамашалайды.

Күні бойы орталық LED-экранда (2 қабат) «Код мира и согласия АНК», «С чего начинается родина», «Жить созидая» фильмдері көрсетіледі.

Сағат 11:00-де Кітапхананың киноконцерт залында «Астана – игілікке айналған арман», сағ. 16.00-де «Астана – воплощенная мечта» фильмдері ұсынылады. Фильмдердің ұзақтығы – 20 минут.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96,

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com