«Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді

3 шілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Біздің Президент» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.

«Біздің Президент» – жанрлық тұрғыдан деректі повесть. Кітапта Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тағылымды тұлғасы туралы жеңіл тілмен баяндалған. Повесте Нұрсұлтан Назарбаевтың қарапайым ауыл баласынан мемлекет басшысы және әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне дейінгі қиындыққа толы әрі таңғажайып жарқын өмір жолы жөнінде айтылады. Кітап тарауларында басты кейіпкердің ғибратты ғұмырының негізгі кезеңдері мен оның тағдырындағы ең есте қаларлық оқиғалар қамтылады. Жалпы алғанда, бұл еңбекте Елбасы өмірбаяны жүйелі әрі тұтастай көрініс тапқан.

«Біздің Президент» кітабының жазушылар тобына  Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасы Кітапханасы» ММ директорының міндетін атқарушы, саяси ғылымдар докторы Махмұт Қасымбеков жетекшілік етті.

Іс-шараға «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері, №15 мектеп-лицейдің оқушылары қатысады.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96,

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com