ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

30 маусым сағ. 16.00-де Елбасының үзеңгілестерімен кездесу ұйымдастырылады.  

Бұл Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаушы және Ұлт көшбасшылығы жолындағы ерен қызметі мен рөлі туралы Елбасы үзеңгілестерінің естеліктерінен естіп-білуге мүмкіндік беретін ерекше шара.

Қатысушылар тізімі: Н.Т. Вахитова – Теміртау қалалық партия ұйымының идеология жөніндегі  хатшысы ретінде Елбасымен қатар қызметтер атқарған, Т.Ы. Ысқақов –Елбасымен Теміртаудағы зауыттың ЖТОО курстас болған, металлургия факультетінде бірге оқыған, В.А. Никонов – Елбасымен Теміртаудағы зауыттың ЖТОО металлургия факультетінде бірге оқыған курстасы, Е.И. Төлеубаев – Елбасының қызметтесі, бір топта оқыған досы, Қ.О. Омашев – Н.Ә. Назарбаевпен Қарағанды Мемлекеттік политехникалық институтында бір топта оқыған.

Сондай-ақ,  шараға Теміртау қ. Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Саргизова қатысады.

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96, е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com