ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ АҢДАТПАСЫ

 

024

29 маусым сағ. 16.00-де Елбасының Кітапханасында «Ұрпақтар кездесуі «Астана: тарихы және болашағы» атты кездесу өтеді. 

Жастар ұйымының басшыларымен, ЖОО студенттерімен мемлекеттік және қоғамдық қайраткер Оралбай Әбдікәрімов кездеседі.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жасампаз идеялары мен бастамалары, тарихтың келелі мәселелері, Астана болашағы сияқты тақырыптар талқыланады.

Шара мақсаты – аға ұрпақтың өз тәжірибесімен бөлісе отырып, Астана қаласының қалыптасуы мен дамуы арқылы ұрпақтар сабақтатығын сақтау.

«Ұрпақтар кездесуі «Астана: тарихы және болашағы» тақырыбындағы шара астананы құрметтеу мен мақтан ету сезімдерін қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге және тәуелсіз мемлекеттің құрылуына атсалысып,  оның егемендігін  қорғаған, бәсекелестікке қабілетті, дамушы ел болу үшін еңбек еткендер туралы естеліктерді сақтауға бағытталған.

30 маусым сағ. 16.00-де Елбасының үзеңгілестерімен кездесу ұйымдастырылады.  

Бұл Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан негізін қалаушы және Ұлт көшбасшылығы жолындағы ерен қызметі мен рөлі туралы Елбасы үзеңгілестерінің естеліктерінен естіп-білуге мүмкіндік беретін ерекше шара.

Қатысушылар тізімі: Н.Т. Вахитова – Теміртау қалалық партия ұйымының идеология жөніндегі  хатшысы ретінде Елбасымен қатар қызметтер атқарған, Т.Ы. Ысқақов – Елбасымен Теміртаудағы зауыттың ЖТОО курстас болған, металлургия факультетінде бірге оқыған, В.А. Никонов – Елбасымен Теміртаудағы зауыттың ЖТОО металлургия факультетінде бірге оқыған курстасы, Е.И. Төлеубаев – Елбасының қызметтесі, бір топта оқыған досы, Қ.О. Омашев – Н.Ә. Назарбаевпен Қарағанды Мемлекеттік политехникалық институтында бір топта оқыған.

Сондай-ақ,  шараға Теміртау қ. Тұңғыш Президентінің Тарихи-мәдени орталығының директоры Саида Саргизова қатысады.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54, 8 705 296 53 96, е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com