«ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАНОРАМАСЫ» онлайн-конференция өтеді

Маусымның 16-да сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНЫҢ ПАНОРАМАСЫ» онлайн-конференция өтеді. Онлайн-режимде өткен шараға еліміз аймақтарынан 4 мекеме қосылып, 150-дің үстінде адам қамтылады.

«Толеранттылық тағылымы» - Елбасы кітапханасының тұрақты жобасы. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған.

на 16 июня

Бұл жолғы шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, аймақтардағы Достық үйлері, Семей қаласы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қазақстан жолы және Н.Назарбаев» білім беру-тәрбие орталығы, Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық педагогикалық колледжі, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің қолдауымен ұйымдастырылады.

«Толеранттылық тағылымының панорамасы» онлайн-конференциясының мақсатты аудиториясы – жоғарыда атап көрсетілген мекемелердің қызметкерлері, студенттері мен оқушылары. Қатысушылар онлайн-форматта білім беру мекемелері, Қазақстан халқы ассамблеясы, Достық үйлері, Кіші халықтар ассамблеясының толеранттылыққа тәрбиелеудегі іс-қимылдарын үйлестіру жайын талқылауға қатысады.

Онлайн-конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Толебаев Ғазиз Тұрысбекұлы сөз сөйлейді.

Сөйлеушілер қазақстандық қоғамда толеранттылыққа баулу жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

«Толеранттылық тағылымының» модераторы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Ұйымдастыру-имидждік қызметі жұмысының басшысы Марат Әбдікәрімов.

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-36, +7 7052965396

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com