Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

www.akorda.kz

12 маусымда Қазақстан Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтеді деп жоспарланып отыр. Онда экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер талқыланады.

15 маусымда Назарбаев Университетінің алғашқы түлектеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтеді, оған Мемлекет басшысының қатысуы жоспарланған.