Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтетін Съездің жұмысына қатысады

Сондай-ақ съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған.