ЖЕҢІС ЭСТАФЕТАСЫ

2015 жылдың 5-6 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын атап өтуге арналған шаралар өтеді.

«Жеңіс эстафетасы» жобасы өскелең ұрпақтың бойындағы рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық тәрбиені жетілдіре түсу мақсатында ұйымдастырылады. Шараға қатысушыларға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, ондағы жауынгерлер мен олардың ерліктері туралы білім беріледі.

Іс-шараға Астана мектептерінің оқушылары мен Елбасы кітапханасы жанындағы «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері қатысады. Олар Ұлы Отан соғысының және тылдағы еңбек ардагерлерімен, «Мемориальная зона» іздеу отрядының өкілдерімен кездесіп, әңгімелерін тыңдай алады.

Назарбаев орталығының киноконцерт залында Ұлы Отан соғысы туралы қазақстандық «Отан үшін от кешкендер», «Одна на всех ...» (режиссері: С.Кумекбаева, авторы: Д. Касымов) деректі фильмдерінің көрсетілімі болады.

Шараның басталуы: 5 мамыр күні - 14.30 (қазақ тілінде)

6 мамыр күні - 14.30 (орыс тілінде)

 

 

Аккредитация үшін байланыс телефондары: 8 7172 69-30-36, 8 777 940 23 13,

е-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com