www.ortcom.kz

Ұзақ уақыт бойы көмірсутектерге деген жоғары бағалар Қазақстанның мұнай-секторын жоғары тиімді етіп тұрды, бұл көптеген мамандар мен инвестицияларды тартты. ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Кітапханасының Стратегиялық зерттеулер және болжамдау қызметінің басшысы Михаил Мироненко жаңа экономикалық ахуал бұл үрдісті өзгертетініне сенімді.

«Соңғы жылдары көптеген білікті мамандар мұнай-газ саласына кетіп жатты, себебі ондағы орташа еңбекақы 250-350 мың теңге құраған болатын. Ал тез дамып жатқан басқа сектор – құрылыста – бұл көрсеткіш 140-180 мыңға, ал машина жасауда – 80 мың теңгеге тең болды», - деді сарапшы.

Алайда қорларға деген бағалардың төмендеу кезеңі Қазақстан экономикасын мейілінше теңдестіреді. Мамандар қажеттілік туындап отырған өндіріс салаларымен бқлінеді. Бұл Қазақстанда жүргізіліп жатқан индустрияландыру жағдайында әсіресе өзекті.