Аса құнды құжаттарды анықтау -  ыждаһаттылықты талап етеді

2016 жылдың ақпанында Елбасының жеке мұрағатындағы аса құнды құжаттарды және шектеу қойылмаған ашық мұрағаттық құжаттарды анықтау жөнінде жұмыс тобы құрылған. Оның кезекті отырысында 1994-1995 жылдарды қамтитын материалдар жан-жақты зерделенді. Жұмыс тобы құрамындағы Кітапхананың қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлім консультанты Жұлдыз Исабаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағаты РММ жоғарғы деңгейлі білікті маманы Динара Берліғожина, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұрағатының бас сарапшысы Гүлжан Құдайбергенова ашық қолжетімділікке ұсынылатын құжаттарды айқындады. Оның нәтижесі бойынша қаралған 202 істің 127-сі іріктелді.

1X7A3656

– Олардың арасында Елбасының жиындар мен іс-шараларда сөйлеген сөздері, баяндамалары, хат алмасулары, жұмыс жазбалары, сұхбаттары, хаттары және құттықтаулар бар. Ашық қолжетімділікке ұсынылатын құжаттар тізімін белгілеу үшін  олардың мазмұнына, тарихи-мәдени маңыздылығына баса назар аударылды, -  деп тарихи құжаттарды ашық қолжетімділікке ұсыну барысымен Мұрағат жұмысы секторының жетекшісі Жангелді Бимолдин таныстырды.

Енді құжаттар сараптау кеңесінің қарауына ұсынылады. Белгіленген тізім құпталса, оған қалың көпшілік те көз жүгірте алады. Ашық қолжетімділікке ұсынылатын мұрағат материалдары Кітапхананың ресми сайтына жүктелмек.

1X7A3655

Бүгінде Елбасының жеке мұрағатын толықтыру жұмыстары тұрақты сипатқа ие. Кітапхана мамандары аясында Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Мемлекет басшысының сыныптастарынан, курстастарынан, үзеңгілестерінен сұхбат алынды, бірегей құжаттар жинақталды. Мәселен, тек Семей өңірінен 800-ге жуық материал іріктелген.

1X7A3647