Назарбаев Н. Ә. Еуразия жүрегінде

Нұрсұлтан Назарбаевтың оқырман назарына ұсынған жаңа туындысы басынан аяғына дейін қазақтың жаңа Елордасы туралы. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап 192 беттен, “Астана аңсары”, “Қала шежіресі” және “Елорда эстетикасы” деген үш тараудан тұрады. Бұл еңбек Президенттің соңғы 10-12 жыл ішінде қағазға түсірген жазбалары мен жекелеген күнделіктерінің жемісі.

Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында

Кітап ғасырлар тоғысындағы посткеңестік кеңістіктегі оқиғаларды талдауға, сонымен қатар үнемі өзгеріп отыратын әлемдегі тек Қазақстанның ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының да орны мен рөлін анықтауға арналған.

Назарбаев Н. Ә. Елмен сырласу. Т.1

«Елмен сырласу» - Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Н.Назабаевтың қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, қажырлы қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық шығарма.

Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті әзірлеген тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясы қысқа уақыт ішінде макроэкономикалық тұрақтылыққа, теңдессіз инфляцияны тоқтатуға, өндірісті жандандыруға, жекешелендірудің негізгі кезеңдерін өткізуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасына кірісуге, зейнеткерлік қамтамасыз етуге жетті.

Назарбаев Н. Ә. Ой бөлістім халқыммен

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың кітаптарындағы, баяндамалары мен басқа да еңбектеріндегі, алқалы жиындар мен ел аумағының алуан аймақтарындағы әртүрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, терең ой-толғамдары мен тұжырымдары топтастырылған.

Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында (кітап корей тілінде)

Кітап ғасырлар тоғысындағы посткеңестік кеңістіктегі оқиғаларды талдауға, сонымен қатар үнемі өзгеріп отыратын әлемдегі тек Қазақстанның ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының да орны мен рөлін анықтауға арналған.

Назарбаев Н. Ә. Таңдамалы сөздер Т.2. 1991 - 1995 жж.

«Н.Ә. Назарбаев. Таңдамалы сөздер» көп томдық басылымының екінші томына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991-1995 жылдар кезеңінде жұртшылық алдында сөйлеген өзекті сөздері енгізілді. Мұнда тоталитарлық жүйе қирап, мемлекеттіліктің жаңа үлгісін іздеу мен нарықтық экономиканың қалыптасу үдерісі жүрген ең қауырт және айқындаушы кезеңдердің бірі - Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы оқиғалар баяндалады.

Назарбаев Н. Ә. Сындарлы он жыл

Кітапта Қазақстан үшін жаһанданудың әлемдік саяси жүйесі мен әлемдік трансұлттық экономика процесіне тартылу қаншалықты маңызды деген сұраққа жауап ізделінеді, яғни ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Мұнда автор деректі материалдар негізінде ХХІ ғасырдың басындағы ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздікке төнетін барлық қауіп-қатерлерге жан-жақты баға береді.

Беттер