1969-1979 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы және Қарағанды облыстық партия комитетiндегі партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1979-1984 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бiрiншi хатшысы.

1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымына тағайындалды.

1991 жылдың 1 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының Президенті. Жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 пайыз дауыспен Қазақстан Республикасының Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,15% дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,55% дауысын жинап, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2015 жылғы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен жеңіске жетті.