Проект «Политические инициативы Н. А. Назарбаева в становлении и развитии Республики Казахстан»

«Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» жобасы

  «Егемен Қазақстанның қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» жобасы барлық жастағы және барлық әлеуметтік санаттағы Қазақстан Республикасы азаматтарына бағытталған Жоба бағыты: – Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік жаңғыруындағы Президенттің рөлі; – Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтық қоғамның қалыптасуындағы рөлі; – Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуы мен дамуының негізгі қырлары және ерекшеліктері; – Қазақстан Республикасы қазіргі кезеңде.

«Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өтті

2008 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» білім беру бағдарламасын іске асыру аясында «Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өтті. Дәріске Астана қ. № 1, 2, 3, 4 кәсіптік мектептерінің 1-курс тыңдаушылары қатысты.

«Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты дәріс өтті

2008 жылдың 7 ақпанында № 7 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты дәріс өтті. Үстіміздегі жылы Астана қаласы өзінің 10 жылдық мерейтойын тойлайды. Сол себепті Музейге астананың оқу орындарынан осы тақырыпқа арналған дәрістер оқуға тапсырыстар жиі түсе бастады.  

«Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейліік сабақ-экскурсия өтті

2008 жылдың 12 ақпанында Ғ.Қайырбеков атындағы № 2 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейліік сабақ-экскурсия өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылардың экскурсия жүргізуші ретінде сабақ өткізуі болды. Сабақтың қонақтары, жас экскурсия жүргізушілердің құрбылары Мемлекеттің болашақтағы жас лидерінің мінез-құлқының қалыптасуы туралы әңгімелейтін материалдармен таныстты.

«Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейліік сабақ-экскурсия өтті

 2008 жылдың 12 ақпанында Ғ.Қайырбеков атындағы № 2 орта мектептің 5-6 сынып оқушыларына арналған «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында музейліік сабақ-экскурсия өтті. Бұл сабақтың ерекшелігі оқушылардың экскурсия жүргізуші ретінде сабақ өткізуі болды. Сабақтың қонақтары, жас экскурсия жүргізушілердің құрбылары Мемлекеттің болашақтағы жас лидерінің мінез-құлқының қалыптасуы туралы әңгімелейтін материалдармен таныстты. Балалар Нұрсұлтан Әбішұлының 6,7-сыныптардағы оқу үлгерімі табельдері қойылған «Атамекен» экспозициясы витринасының жанына ұзақ аялдады.

«2008 жыл – Қазақстандағы Украина жылы» тақырыбында дәріс өтті

2008 жылдың 20 ақпанында Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушыларына арналған «2008 жыл – Қазақстандағы Украина жылы» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында Қазақстан мен Украина арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар қарастырылды. Дәрісте болашақ Президенттің Днепродзержинск қаласындағы № 22 кәсіптік-техникалық училищедегі оқыған кезі туралы баяндайтын бейнефильмнен фрагменттер көрсетілді. Тыңдаушылар Украина делегациясы өкілдері Мемлекет басшысына тарту еткен сыйлықтармен танысты.

«Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өтті

2008 жылдың 21 ақпанында № 10 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына арналған «Еуразия рухани бірлігі: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс барысында еуразиялық өркениеттің өткені мен қазіргі күйіне талдау жасалды, еуразиялық ықпалдасудың келешегі мен осы процестегі Қазақстанның рөлі қарастырылды. Дәрісте «Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия экономикалық саммитінде сөйлеген сөзі» бейнефильмінен фрагменттер көрсетілді. (Алматы, 2000 ж.).

«Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үйлестірудегі рөлі» тақырыбында дәріс-тренинг өткізілді

2008 жылдың 21 ақпанында ГЭЛ-дің 11-сынып оқушыларына арналған «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және оның этносаралық келісімді үйлестірудегі рөлі» тақырыбында дәріс-тренинг өткізілді. Дәрісте Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық құрылымының мәселелері, Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру, еліміздегі өткізіліп жатқан конституциялық реформалар мен саяси жаңғыртулар аясындағы оның міндеттері қарастырылды. Дәріскер Республикамыздың Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық және конфессияаралық үн қатысуындағы рөліне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында сабақ-экскурсия өткізілді

2008 жылдың 26 ақпанында «Жәдігерлер сөйлейді» музей сабақтары циклын іске асыру аясында «Н.Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында сабақ-экскурсия өткізілді. Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназияның экскурсия жүргізушілерінің бұл жолғы қонақтары №4 мектеп-гимназиясының «Атамекен» үйірмесінің мүшелері болды. Осынау ерекше музей сабағының қонақтары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны туралы өте жақсы білетіндіктерін көрсетті.

Беттер