Проект «Политические инициативы Н. А. Назарбаева в становлении и развитии Республики Казахстан»

«Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030…» музей сабағы - экскурсия

08.09.2009. «Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан-2030…» музей сабағы - экскурсия. Экскурсия-сабақты Астана қаласының № 40, 58 ОМ оқушыларына арнап ҚР ТПМ кіші ғылыми қызметкері Б. Б. Бодықова жүргізуде.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі» дәрісі

15.09.2009. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын қалыптастырудағы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі» дәрісі. Астана қаласы №42, 43 ОМ оқушыларына арналған дәрісті ҚР ТПМ бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Г.О. Әмірова өткізуде.

«Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрісі

25.09.2009. «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» дәрісі. Л. Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ заң факультетінің студенттеріне арнап ҚР ТПМ Бас ғалым хатшысы, т.ғ.к. Г. Б. Қарағызова дәріс өткізді.

«Қазіргі Қазақстанның саяси мәдениеті» дәрісі

29.09.2009. «Қазіргі Қазақстанның саяси мәдениеті» дәрісі.  Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ физика-техникалық факультеті мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалы экономика факультетінің студенттеріне арнап директордың орынбасары, т.ғ.к. К.Қ.Ақтаева сабақ өткізді.

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты тақырыптық сабақ-кездесу болып өтті

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты тақырыптық сабақ-кездесу болып өтті. Астананың жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінің 70 үздік оқушысы әдеттегіден тыс ерекше жағдайда Мемлекет басшысының игі тілегін естіді. Президент сонымен қатар балаларға білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі туралы әңгімелеп, өзінің мектепте оқыған кездегі естеліктерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «кіші отанына» ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды

ҚР ТПМ Білім беру бағдарламасы аясында «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» жобасын іске асыру мақсатында 2009 жылдың 20-24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «кіші отанына» ғылыми-зерттеу экспедициясы ұйымдастырылды.       Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған селосында дүниеге келді, Қаскелең қаласындағы орта мектепте 10-сыныпты бітірді. Болашақ Мемлекет басшысының балалық және жастық шағы осында өтті, өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымы осында қалыптасты.

Беттер