Проект «Политические инициативы Н. А. Назарбаева в становлении и развитии Республики Казахстан»

«Геосаясат» тақырыбында дәрісі өтті

2010 жылдың 23 қарашасында Экономика, технология және тағам өнімдерін стандарттау колледжінің оқушыларына «Геосаясат» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ. Майгелдинов геосаясат түсінігінің мәні, геосаясаттың негізгі заңдары туралы, Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы мен оның қызметтерін әңгімеледі.

«Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» музейлік сабағы өтті

2010 жылдың 22 қарашасында «Жәдігерлер сөйлейді...» сериясынан «Н. Ә. Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» музейлік сабағы өтті. Сабақ «Атамекен» экспозициясының алдында Астана қаласының № 52 орта мектеп оқушылары және мұғалімдерінің қатысуымен дайындалды. Ағымдағы жылы алғаш рет Музейдегі сабаққа Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының № 6 орта мектеп оқушылары шақырылды.

«Еуразиялық рухани бірлік: тарих және кезеңдер» дәрісі өткізілді

  2010 жылдың 9 қарашасында № 4 мектеп-гимназиясы мен № 54 мектеп-лицейінің оқушыларына «Еуразиялық рухани бірлік: тарих және кезеңдер» дәрісі өткізілді.       Дәріскер, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.Әбжанов еуразиялық өркениеттің өткені мен қазіргісіне талдау жасай келіп, еуразиялық ықпалдастықтың келешегі және осы үдерістегі Қазақстанның рөліне жете тоқталды.

«Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өтті

  2010 жылдың 12 қарашасында Ұлттық валюта күніне орай, № 28, 59 мектептердің оқушыларына ұлттық валютаның тарихына арналған «Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өтті. Дәріскер, Музейдің Ақпарат орталығының жетешісі Л.В. Флёрко Білім бағдарламасының тыңдаушыларын Қазақстан аумағындағы ақшаның айналымға түсу тарихымен, Қазақстан Республикасы ұлттық валютаны енгізудің алғышарттары мен себептеріне тоқталды.       Кез-келген мемлекеттің тарихы ұлттық валютасымен айқындалады.

«Сайлау – қоғам өмірінің айнасы» тақырыбында музейлік сабақ болып өтті

2010 жылдың 26 қазанында «Сайлау – қоғам өмірінің айнасы» тақырыбында музейлік сабақ болып өтті.       Сабақтың мақсаты оқушыларды сайлау туралы Заңды түсінуге, сайлаудың демократиялық басқару механизмі ретінде елдің саяси өміріне бұқараның қатысуының маңызды екенін көрсету және сол арқылы оқушылардың бойында лидерлік қасиетке тәрбиелеу болды.

«Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Даналық» дәріс өтті

2010 жылдың 26 қазанында «Қазақстан Республикасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «Даналық» медициналық колледжі мен Астаналық көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне арналған дәріс өтті.       Дәріскер тарих ғылымдарының кандидаты, бас ғылыми хатшы Г. Б. Қарағызова құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ұғымдарының мәнін аша отырып, олардың түрлеріне жан-жақты тоқталды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді

  2010 жылдың 12 қазанында № 36 ОМ және А. З. Молдахметов атындағы гуманитарлық лицей оқушыларына арнап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметі арқылы тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді.       Дәріс барысында ақпараттық орталықтың жетекші сарапшысы Ж. С. Бейісова 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан бастап, еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы саяси процестеріне тоқталды.

«Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасының эволюциясы» тақырыбында дәріс өткізілді

2010 жылдың 20 қазанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттеріне арнап «Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасының эволюциясы» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыптарында шеберлік-сыныбы өтті

  2010 жылдың 10 қыркүйегінде қалалық жалпы білім беретін тарих пәні мұғалімдері мен колледждерге арнап «Мемлекет басшысының имиджі. Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауының 2010 жылдың негізгі бағдарламалық құжаты болып табылатын «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» тақырыптарында шеберлік-сыныбы өтті.

Беттер