Проект «Политические инициативы Н. А. Назарбаева в становлении и развитии Республики Казахстан»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі емес іс-шараларының тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы өткізілді

2011 жылдың 5 – 8 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дәстүрлі емес іс-шараларының тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы өткізілді.

«Көшпелі өркениеттен – қазіргі кезеңге дейін»

  7 желтоқсандағы «Көшпелі өркениеттен – қазіргі кезеңге дейін» дөңгелек үстел барысында № 22 мектеп-гимназияның оқушылары тәуелсіздік алу жолында маңызды рөл атқарған елеулі оқиғалар туралы талқылады. Ұлттық қаһармандарға, көрнекті қоғам қайраткерлеріне, Отанының бостандығы үшін күрескен – қазақтың ұлы ұлдары мен қыздарына құрмет көрсете отырып, оқушылар Тәуелсіздік алу жолында үлкен маңызға ие оқиғаларды көрініс арқылы қатысушылар назарына ұсынды.

«Друзья, Отчизне посвятим души прекрасные порывы…» атты интеллектуалдық турнир өткізілді

  8 желтоқсанда қала мектептерінің оқушылары арасында «Друзья, Отчизне посвятим души прекрасные порывы…» атты интеллектуалдық турнир өткізілді. Ұйымдастырушылардың ойластыруы бойынша оқушылардың жарысы мемлекеттің ежелгі ғасырдан бастап тарихи даму жолы туралы білімдерін анықтауға және Қазақстан Республикасының 20 жылдық дамуындағы жетістіктерін көрсетуге бағытталған. Турнир барысында командалар мемлекетіміздің мерейтойына «Отаным, 20 жылдық мерекеңе арнаймын...» атты құттықтау шығармаларының тұсаукесерін көрсетті.

Дәстүрлі емес іс-шаралар тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы

Дәстүрлі емес іс-шаралар тұсаукесерлік мерейтойлық аптасы Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен даму тарихына қызығушылық білдірген талантты оқушыларды анықтауға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриоттық сезімді қалыптастыруға, елдің тарихы мен мәдениетіне, халықтың өткеніне құрметпен қарауға тәрбиелеуге, олардың шығармашылық әлеуетін және қоғамдық белсенділігін дамытуға, жас мемлекеттің тарихи жолын ұғындыруға бағытталған.

«Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасының эволюциясы» атты дәріс өткізілді

2011 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қаржы академиясы» АҚ мен Қазақстан-Ресей университетінің студенттеріне арнап «Қазақстан және ЕҚЫҰ – жаһандық және аймақтық қауіпсіздік тұжырымдамасының эволюциясы» атты дәріс өткізілді.

«Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өткізілді

2011 жылдың 14-15 қарашасындаҚазақ Ұлттық Өнер Академиясы, Д.А. Қонаев атындағы колледж студенттері мен № 62 мектеп-лицейі оқушыларына арнап «Теңге – тәуелсіздігіміздің символы» тақырыбында дәріс өткізілді.       Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Ақпарат орталығының жетекшісі Л.В. Флёрко Білім беру бағдарламасының тыңдаушыларын Қазақстан территориясындағы ақша айналымының тарихымен, ақша бірлігінің қалыптасуы мен енгізілу кезеңдері туралы айтып берді.

«Отбасында лидерлік қасиетке тәрбиелеу» тақырыбында пікірталас сабағы өткізілді

  2011 жылдың 13 қазанында «Отбасында, мектепте, қоғамда және басқа да әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру» ғылыми жобасы аясында «Отбасында лидерлік қасиетке тәрбиелеу» тақырыбында пікірталас сабағы өткізілді. Пікірталас сабаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, «Атамекен» ғылыми-педагогикалық бағдарламасының авторы, Астана қ. мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Астана қ.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің имиджі» тақырыбында дәріс өткізілді

2011 жылдың 13 қазанында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық мемлекеттік университетінің студенттеріне арнап «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің имиджі» тақырыбында дәріс өткізілді.       Дәріскер, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директор орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Кайыпова мемлекеттің, қоғамның табыстылығы Ұлт көшбасшысы, Президент Н. Ә. Назарбаев тұлғасымен тікелей байланыстылығын атап өтті. Мемлекет басшысының Жолдаулары стратегиялық, бағдарламалық сипатта екендігін айтты.

Беттер