Проект «Политические инициативы Н. А. Назарбаева в становлении и развитии Республики Казахстан»

«Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» тақырыбында дәріс өткізілді

2013 жылдың 26 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институты және «Астана қ. Медициналық университеті» АҚ студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді

2013 жылдың 19 сәуірінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және «Астана қ. Медициналық университеті» АҚ студенттеріне «Қазақстан Республикасының Президенті және ұлтаралық келісім» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Мемлекет басшысының имиджі» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді

  2013 жылдың 18 сәуірінде «Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушыларына «Мемлекет басшысының имиджі» тақырыбында көшпелі дәріс өткізілді.       Музейдің бас ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А. Коноваловтың айтуынша «Қазақстан азаматтық саяси бірегейлігі қалыптасып келе жатқан жас мемлекет». Мемлекеттің позитивті, жағымды әрі жан-жақты имиджі тәуелсіздік алған кезден бастап белсенді түрде қалыптасты. Оның қалыптасуына Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев маңызды рөл атқарды.

Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің кезекті қалалық семинары өткізілді

  2013 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Астана қаласы тарих пәні мұғалімдерінің ұсынылған біліктілік санаттарына өту аттестациясы бойынша құрылған эксперименталды алаң жұмысы аясында қоғамдық пәндер мұғалімдерінің кезекті қалалық семинары өткізілді.

Мектеп топтарының мұғалім-тренерлері үшін семинар-тренинг өткізілді

2013 жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде пікірталасқа қатысушы мектеп топтарының мұғалім-тренерлері үшін семинар-тренинг өткізілді.       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы жастар бірлестігі болып табылатын «Ақиқат» пікірталас клубы өзінің қызметін 2011 жылы бастады. «Ақиқат» клубының негізгі мақсаты тұлғаның рухани дамуына жәрдемдесетін оқушы жастардың шешендік өнерін, лидерлік қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Саясаттағы тұлғаның рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді

2013 жылдың 5 наурызында «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжі және Басқару колледжі студенттеріне «Саясаттағы тұлғаның рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді.       Дәріс барысында тарихтағы тұлғаның рөліне, әлемдегі белгілі саясаттанушылардың жеке қасиеттеріне мінездеме берілді.       Дәріскер, Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты К.Қ. Ақтаева әртүрлі дәуірдегі саяси қайраткерлердің көшбасшылық қасиеттерін салыстыра келе, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың саяси ұстанымын ерекше атап өтті.

«Теңге – тәуелсіздіктің символы» атты дәріс өткізілді

2013 жылдың 19 ақпанында Астана қ. Астаналық көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі мен Менеджмент және бизнес колледжі оқушыларына Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасуы мен енгізілу тарихына арналған «Теңге – тәуелсіздіктің символы» атты дәріс өткізілді.

Беттер