Проект «История и культура Казахстана»

«Алаш ұлықтаған ұлттық идея» тақырыбында дәріс өткізілдi

2008 жылдың 19 ақпанында № 8 орта мектептің 9-10 – сынып оқушыларына арналған «Алаш ұлықтаған ұлттық идея» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісте «Алаш» партиясының бағдарламасы қарастырылды. ХХ ғасырдың басында осы қозғалыс ұсынған және ұлықтаған ұлтты тұтастыру идеясы ХХІ ғасырда да өзінің өзектілігін сақтап отыр. Дәрісте Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан материалдар пайдаланылды.

«Елбасы тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен нақыл сөздер мен олардың маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді

 2008 жылдың 25 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және Астана қ. Медицина колледжінің 3-курс студенттеріне арналған «Елбасы тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен нақыл сөздер мен олардың маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, саяси ғылымдарының кандидаты С.Т. Мейірманов адамның құндылықты бағыт-бағдарын қалыптастырудағы шешендік өнерінің маңызын ашып көрсетті. Ертеде шешендер, яғни суырып салу қасиеті дарыған адамдар халық арасында ерекше құрметке ие болған. Дәл тауып айтылған сөз – тұлғаның сирек кездесетін қасиеттерінің бірі.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасы» тақырыбында дәріс өткізілді.

 2008 жылдың 26 ақпанында № 5 кәсіптік мектептің 2-курс студенттеріне арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, тарих ғылымдарының докторы Х.М. Әбжанов Білім беру бағдарламасына қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 13 қаңтарындағы №1277 Жарлығына сәйкес әзірленген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңдерімен таныстырды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасы» тақырыбында дәріс өткізілді

2008 жылдың 15 сәуірінде астаналық колледждер студенттеріне арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және Елбасы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер – т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2004 жылы әзірленген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу кезеңдерімен таныстырды, оны іске асыру барысындағы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін көрсетті.

«Батыс пен Шығыс өркениеттерімен өзара байланыстағы көшпелілер өркениеті» тақырыбында дәріс өтті

 2008 жылдың 21 мамырында «Даналық» медицина-фармацевтика колледжі, Политехникалық колледж, профессор Рузуддиновтың Алматы стоматологиялық колледжі, Астана көп бейінді гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне арнап «Батыс пен Шығыс өркениеттерімен өзара байланыстағы көшпелілер өркениеті» тақырыбында дәріс өтті.

«Түркі өркениеті контексіндегі қазақтардың мәдениеті» тақырыбында дәріс өткізілді

2008 жылдың 4 маусымында Политехникалық колледж студенттеріне арнап «Түркі өркениеті контексіндегі қазақтардың мәдениеті» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында Білім беру бағдарламасына қатысушылар қазақстардың дәстүрлі мәдениетінде негізгі жанрлар мен түрлердің қалыптасуындағы көшпелі өркениеттің рөлі, түркі өркениетінің генезисі мен таралу ареалы секілді мәселелер қарастырылды. Музей коллекциясынан алынған өнер туындылары, құжаттар мен басқа да көздер тыңдаушылардың көшпелілер өркениетінің өзара ықпалын толық сезінуіне көмегін тигізді.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қару-жарақтар коллекциясы» тақырыбында дәріс өткізілді

 2008 жылдың 23 қыркүйегінде Музейде № 48, 49 ОМ оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қару-жарақтар коллекциясы» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Алаш қозғалысы және ұлттық идея» тақырыбында дәріс өтті.

    2008 жылдың 30 қыркүйегінде Музейде «Алаш қозғалысы және ұлттық идея» тақырыбында «Тұран» колледжінің оқушыларына арналған дәріс өтті. Дәрісте «Алаш» партиясының бағдарламасы қарастырылды. ХХ ғасырдың басында осы қозғалыс көтерген ұлттық топтасу идеясы ХХІ ғасырда да өзекті болып қалып отыр. Дәріс барысында Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан материалдар пайдаланылды.

«Ежелгі Қазақстан өнері» тақырыбында дәріс өткізілді

2008 жылдың 5 қарашасында Астана қ. Балалар көркемөнер мектебі басшыларының өтінімдері бойынша Балалар бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер студиясының оқушылары үшін «Ежелгі Қазақстан өнері» тақырыбында дәріс өткізілді.