Проект «История и культура Казахстана»

«Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» жобасы

        «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» жобасы орта мектеп оқушылары мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.       «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» жобасы екі курстан тұрады: 1. Тарих беттері. 2. Қазақстан мәдениеті Шығыс және Батыс өркениеті контексінде.

«Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтаудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

 2009 жылдың 6 қарашасында «Білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін дамытуға жаңа көзқарас» республикалық семинар аясында «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтаудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті, оған Астана қ.

«Тарихи – мәдени мұралар және оларды сақтап қалу мәселелері» «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатымен бірлескен отырысы өткізілді

2009 жылдың 25 қыркүйегінде «Тарихи – мәдени мұралар және оларды сақтап қалу мәселелері» тақырыбында «Еркін пікір» пікірсайыс клубының «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатымен бірлескен отырысы өткізілді.

«Ақмола облысының тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында музей сабағы өткізілді

2009 жылдың 18 наурызында №60 мектеп-лицейдің 5-7 сынып оқушыларына арнап «Ғылыми кеңес мәжілісі» дәстүрлі емес нысанында «Ақмола облысының тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

«Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді

2009 жылдың 27 наурызында Тұңғыш Президент Музейінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде экономика және технология факультеттерінің студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы

  2009 жылдың 3 сәуірінде ҚР ТПМ ҒЗО бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің инженерлік-құрылыс факультеті мен Политехникалық колледж студенттеріне арнап «Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы және Елбасы» тақырыбында дәріс өткізді.

«Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштері» тақырыбында дәріс өткізілді

 2009 жылдың 15 сәуірінде Астана қаласындағы Экономика және қаржы, Техникалық-экономикалық және Политехникалық колледждер оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасының тарихи ескерткіштері» тақырыбында дәріс өткізілді.

«ҚР Президенті Резиденциясы сәулет ансамбліндегі қазақтың ою-өрнектері» тақырыбында дәріс өткізілді

2009 жылдың 24 сәуірінде Астана көп бейінді гуманитарлық-техникалық, Қазіргі заманғы гуманитарлық колледждері мен «Ақмола технология және бизнес» АҚ оқушыларына арнап «ҚР Президенті Резиденциясы сәулет ансамбліндегі қазақтың ою-өрнектері» тақырыбында дәріс өткізілді.