Проект «История и культура Казахстана»

«Қазақстандағы ислам: өткені, бүгіні, болашағы» тақырыбында дәріс өтті

2010 жылдың 5 қазанында «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында №30, 31 мектеп оқушылары үшін «Қазақстандағы ислам: өткені, бүгіні, болашағы» тақырыбында дәріс өтті.       Дәріскер, Музейдің ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ.Ө. Майгелдинов ислам дінінің пайда болуы мен Қазақстан территориясында орта ғасырдан бастап таралуының тарихи-саяси жағдайларына тоқталып, қазіргі уақыттағы мемлекет пен дін арасындағы өзара қарым-қатынастарының негізгі аспектілерін ашып көрсетті.

«Конфессиялар диалогы – Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық факторы ретінде» атты дәріс өткізілді

2010 жылдың 19 қазанында №62 мектеп-лицейі мен №2 кәсіптік лицейдің оқушыларына арналған «Конфессиялар диалогы – Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық факторы ретінде» атты дәріс өткізілді.

«Мәдени мұра» бағдарламасы

 2010 жылдың 17 қыркүйегінде Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының дамуы мен оның жетістіктері» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті, оған Астана қ. Білім басқармасының, Білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының өкілдері, астаналық мектептерінің тарих пәні мұғалімдері, ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері қатысты.

«Н. Ә. Назарбаев – қазақстандық этникалық және конфессияаралық келісім моделінің негізін қалаушы» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті

 2010 жылдың 3 қыркүйегінде «Дінтанудың негізі» курсын жүргізетін Астана қ. жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу мекемелерінің мұғалімдеріне арнап «Н. Ә. Назарбаев – қазақстандық этникалық және конфессияаралық келісім моделінің негізін қалаушы» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті.

«Н. Ә. Назарбаев – қазақстандық этникалық және конфессияаралық келісім моделінің негізін қалаушы» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті

2010 жылдың 19 мамырында «Дінтанудың негізі» курсын жүргізетін Астана қ. жалпы білім беретін мектептер мен арнайы орта оқу мекемелерінің мұғалімдеріне арнап «Н. Ә. Назарбаев – қазақстандық этникалық және конфессияаралық келісім моделінің негізін қалаушы» тақырыбында шеберлік-сыныбы өтті.

«Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» жобасы аясында дәріс өткізілді

2010 жылдың 7 сәуірінде «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында «Лингва» шет тілдері колледжінің, Экономика және қаржы колледжінің, №5 мектеп-гимназияның оқушылары мен студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» жобасы аясында дәріс өткізілді.

«Қазақстандағы ислам: мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының өткені, қазіргісі және келешегі» тақырыбында дәріс өткізілді

2010 жылдың 17 наурызында «Қазақстан тарихы және мәдениеті» жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ математика және ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курс студенттеріне арнап «Қазақстандағы ислам: мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасының өткені, қазіргісі және келешегі» тақырыбында дәріс өткізілді.       Лектор, главный научный сотрудник, к.п.н. Щёлокова Е.А. мемлекет пен дін секілді қоғамдық қатынастар субъектілерінің өзара қарым-қатынасындағы күрделі мәселелерді ашып көрсетті. Тарихтың қай кезеңінде де бұл мәселе ерекше сипатқа ие болып келді.

Беттер