Проект «История и культура Казахстана»

«Қазақстандағы ислам: тарихы және қазіргі кезеңі» тақырыбында дәріс өткізілді

  2011 жылдың 22 қарашасында «Тарих және мәдениет» жобасы аясында № 36, № 55 орта мектептерінің оқушыларына арналған «Қазақстандағы ислам: тарихы және қазіргі кезеңі» тақырыбында дәріс өткізілді.       Дәріскер, Ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері Қ.Ө. Майгелдинов қазақстандық қоғамда төзімділік, келісім, жасампаздық атмосферасы тарихи тұрғыда ұзақ уақыт қалыптасқанын және бірегей мәдени ортамен байланысты екендігін баяндап берді.

«Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді

   2011 жылдың 10 қарашасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне арнап «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар» тақырыбында дәріс өткізілді.       Қазіргі таңдағы қоғамда діннің маңызы зор. Рухани даму мен өнегелік мәселелерін тікелей дінмен байланыстырады. Қазақстанда дінді тұту бостандығы заңды түрде бекітілгендіктен, бұл міндетті түрде сақталады. Бұл мәселенің екінші жағы күдікті діни ұйымдардың жастарға өз қызметтерін белсенді түрде насихаттауында.

«Қазақ элитасы» тақырыбында дәріс өткізілді

  2011 жылдың 4 қазанында Астаналық гуманитарлық құрылыс колледжі студенттері және «АСУ» гуманитарлық-техникалық колледжі студенттеріне арнап «Қазақ элитасы» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Қазақстандағы ислам: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді

 2011 жылдың 13 қыркүйегінде «Тарих және мәдениет» жобасы аясында № 6 мектеп-гимназия мен № 14 мектеп-гимназия оқушыларына арнап «Қазақстандағы ислам: тарихы және кезеңдері» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Алаш қозғалысы және ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея» атты дәріс өткізілді.

2011 жылдың бірінші жарты жылдығында (26.01.11,15.02.11, 31.03.11, 06.04.11) Тұран-Астана Университеті, ЕАГИ және ҚазГЗУ студенттері және №4 мектеп-гимназиясы мен №38 мектеп-лицейінің оқушылары үшін Музейдің лекторий кестесіне сәйкес «Алаш қозғалысы және ХХ ғасыр басындағы ұлттық идея» атты дәріс өткізілді.

«Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді

  2011 жылдың 15 сәуірінде № 48 ОМ пен № 3 МГ 5 сынып оқушыларына арнап «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, Р.С. Қабдоллаева нақыл сөздердің және олардың тұлға бойындағы құндылықтардың қалыптасуы мен дамуындағы алатын орны жайында егжей-тегжей баяндап берді. Мағынасы терең әрі қысқа сөз тұлға бойындағы бірегей қасиеттердің бірі екендігі сөзсіз. Дәріскер оқушыларға Мемлекет басшысының «Өзекжарды ойлар», «Ой бөлістім халкыммен», «Қазақстан жолы» еңбектеріндегі қанатты сөздер туралы әңгімелеп берді.

«Діндегі әйел бейнесі» дәрісі

 2011 жылдың 30 наурызында «Діндегі әйел бейнесі» дәрісі Астана қаласының Экономика және қаржы колледжі мен Көлік және коммуникация колледжінің оқушыларына өтті.       Дәріскер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің бас ғылыми қызметкері, п.ғ.к. Е. Щёлокова діни догматиканың негізгі жорамалдарынан және қоғамдық дамудан қоғамдағы әйелдердің орны мен тарихи рөлін қарастырды.

«Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделінің негізін қалаушы» шеберлік-сыныбы өтті

  2011 жылдың 17 ақпанында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мұғалімдер үшін «Дінтану негіздері» жетекші курсының «Н.Ә.Назарбаев – ұлтаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық моделінің негізін қалаушы» шеберлік-сыныбы өтті.

Беттер