Проект «Ребенок и культура»

«Отбасы күні» қарсаңында гендерлік теңдік тақырыбы аясында мерекелік іс-шара өтті

2010 жылдың 17 мамырында «Отбасы күні» қарсаңында гендерлік теңдік тақырыбы аясында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға Еуропалық одақ Өкілеттілігінің басшысы, елші Норбер Жустен, мүмкіндігі шектеулі балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасының балалары мен мектеп оқушылары қатысты.  Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Еуропалық одақ Өкілеттілігі ұйымдастырды.  Музей директоры Алма Сағынғали Музейдің тарихи және мәдени құндылықтардың ордасы ғана емес, балалар талантының шыңдалуында маңызды орын алатын білім ордасы екендігін атап өтті.