Проект «Ребенок и культура»

«Ата Заңым – тәуелсіздігімнің тұғыры» атты музейлік сабақ өткізілді

2011 жылдың 1 қыркүйегінде жаңа оқу жылының қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде қалыптасқан дәстүр бойынша Конституция күніне арналған «Ата Заңым – тәуелсіздігімнің тұғыры» атты музейлік сабақ өткізілді. Сабақ мемлекетіміздің ең кішкентай азаматтары – № 54 мектеп-лицейінің бірінші сынып оқушыларына арнап өткізілді.

«Туылған күніңмен, Астана» атты дәстүрлі музейлік балалар мерекесі өтті

Астана күнін мерекелеу қарсаңында 2011 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде елорданың кішкентай тұрғындары үшін «Туылған күніңмен, Астана» атты дәстүрлі музейлік балалар мерекесі өтті.

«Бақытты балалық шақ» шығармашылық лабораториясы өткізілді

2011 жылдың 22 және 23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жыл сайынғы «Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинарының аясында ерекше балаларға арналған 2 күндік «Бақытты балалық шақ» шығармашылық лабораториясы өткізілді.

Балалардың сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті

  2011 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Еуропалық Комиссияның ұйымдастыруымен гендерлік теңдік тақырыбындағы дүниежүзілік конкурстың аясында балалардың сурет көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш конкурс 5 жыл қатарынан әлем балаларының гендерлік теңдік тақырыбы жөнінде өз көзқарастарын білдіруге шақырады. Көрмені салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғали және Еуропалық Одақ Өкілеттілігінің Басшысы, Елші Норбер Жустен ашты.