Проект «Ребенок и культура»

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді

2012 жылдың 15 қарашасында №№ 23, 28 орта мектептерінің оқушыларына Музейдің Күмыс залында «Жәдігерлер сөйлейді...» циклы аясында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат заттары» тақырыбында дәріс өткізілді

2012 жылдың 13 қыркүйегінде № 1, 15 мектеп-лицейлерінің оқушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат заттары» тақырыбында дәріс өткізілді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді

  2012 жылдың 12 қыркүйегінде «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.

«Жан жүрегім – Астана» атты музейлік балалар мерекесі өтті

Астана күнін мерекелеу қарсаңында 2012 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде № 25 «Таңшолпан» балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Жан жүрегім – Астана» атты музейлік балалар мерекесі өтті.

«Еркіндік нышаны балалар көзқарасымен» арт-терапиялық сессиясы өткізілді

 2012 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жыл сайынғы «Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинарының аясында ерекше балаларға арналған «Еркіндік нышаны балалар көзқарасымен» арт-терапиялық сессиясы өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің серіктестері: «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Балам-ай» балаларды дамыту орталығы, «Думан» СО жанындағы «ОкеанАрт» Арт-терапия Шығармашылық Орталығы» ҚБ, «Астана қ. Жас суретшілер бірлестігі».

«Бала және мәдениет» жобасы аясында өткізілді

2012 жылдың 26 наурызында Астана қ. Балалар көркемөнер мектебі – клуб ЮНЕСКО және № 2 балалар музыка мектебінің ата-аналарына, педагогтарына және оқушыларына Ашық есік күндері өткізілді. Аталмыш іс-шара бейнелеу қызметіндегі дарынды оқушылармен жұмыс істейтін қосымша білім беру мекемелерімен серіктестікке бағытталған «Бала және мәдениет» жобасы аясында өткізілді.

«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді

    2012 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында № 1 мектеп-лицейінің оқушыларына «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.