Проект «Ребенок и культура»

«Туған жерім – 2009» VI астаналық балалар сурет конкурсының қорытындысы бойынша дәстүрге айналып үлгерген жеңімпаздарды марапаттау салтанаты мен көрменің ашылу рәсімі өтті

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 2009 жылдың 11 желтоқсанында 10-16 жас аралығындағы балалар арасында «Туған жерім – 2009» VI астаналық балалар сурет конкурсының қорытындысы бойынша дәстүрге айналып үлгерген жеңімпаздарды марапаттау салтанаты мен көрменің ашылу рәсімі өтті. Конкурсты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ.

«Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинар өтті

         2009 жылдың 24 мен 27 ақпан аралығында Тұңғыш Президенті Музейінде орталық жүйке жүйесінің сал ауруымен ауыратын балаларға арналған «Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинар өтті. 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қарулар коллекциясындағы Құбашы қылыштары» тақырыбында дәріс өткізді

2009 жылдың 26 наурызында Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің аға сарапшысы С.К. Сағымбаев Астана қ. Балалар көркемөнер мектебінің, ҚР ТПМ жанындағы Бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер студиясының оқушылары мен олардың ата-аналарына арнап «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қарулар коллекциясындағы Құбашы қылыштары» тақырыбында дәріс өткізді.

«Гүлдей жайна, Астана» тақырыбында балалар мерекесі өткізілді

  Астананың 10 жылдық мерейтойына орай Музей әр түрлі іс-шаралар өткізді. 2008 жылдың 23 мамырында «Гүлдей жайна, Астана» тақырыбында балалар мерекесі өткізілді. Бұл жолы Білім беру бағдарламасының қатысушылары №41 «Қызыл желкен» балалар үйінің тәрбиеленушілері, олардың ата-аналары мен ұстаздары болды.

Астананың 10 жылдық мерейтойына орай Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті

2008 жылдың 30 мамырында Астананың 10 жылдық мерейтойына орай Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті. Оның бағдарламасында мынадай мәселелер қамтылды: • Астана қ. мектеп жасындағы кішкентай балаларға (5-9 жас аралығындағы) арнап асфальтқа сурет салу конкурсы; • 2008 жылдың көктемінде өткен «Астана бояулары» қалалық балалар конкурсының (10-17 жастағы балалар арасында) қорытындысы бойынша марапаттау және көрменің ашылуы.

«Эстетикалық көркем тәрбие беру саласында қосымша білім беруді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы» тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-практикалық коллоквиум ашылд

2008 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Эстетикалық көркем тәрбие беру саласында қосымша білім беруді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы» тақырыбында ІІІ республикалық ғылыми-практикалық коллоквиум ашылды.

Беттер