Кітапхананың ағартушылық акциялары республикамыздың мектептерімен колледждерімен және университеттерімен жемісті әріптестіктің үлгісін көрсетуде. Кітапхана білім беру саласының қызметкерлерімен әріптестік қатынас орнатып, Кітапхана ресурстарының көмегімен оқу-тәрбие үдерісіне әдістемелік және оқу материалдарын бере отырып, оқытушылар үшін қысқа мерзімдік курстар мен семинарлар ұйымдастырады.

Ағартушылық бағдарламалардың басты пәндік бағыттары – Қазақстанның ұлттық тарихы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметі, саясаты тақырыптары, қазақ мемлекеттіліктің қазіргі және болашақтағы дамуының өзекті мәселелері. Білім беру қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, мектеп жасындағы жеткіншектерді мемлекеттік құндылықтарға тартуға бағдарланған. Алдағы уақытта Кітапхана әріптестерімен ынтымақтастықта жыл сайын конкурстық негізде Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегін зерттеп, ілгерілету мақсатында оқытушылар мен дарынды жастар үшін ғылыми және шығармашылық гранттарын ұсынатын болады.

«Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасы

Елбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты жаңа білім беру жобасын жүзеге асыруда. Жоғарғы оқу орындарының студенттері мен 9-10 сынып оқушылары үшін екікүндік семинар-тренингтер 2015 жылдың 1 қазанынан бастап апта сайын өткізіледі.

Елбасы кітапханасының жаңа білім беру жобасы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асырудың «100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын оқып-зерделеуге бағытталған. «Замануи мемлекеттік аппаратты құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустриаландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Транспарентті есеп беретін мемлекет» тақырыптары бойынша белгілі отандық ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары дәріс оқиды.

Семинар-тренингке Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының 2-4 курс студенттері және Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың мектептерінің 9-10 сыныптарының оқушылары – оқу озаттары, белсенділер, дарынды балалар мен жастар – 3000-нан астам адам қатысады.

Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі бағдарламасы.

Мектептердің 9-10 сынып оқушыларына арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі бағдарламасы.