Әлеуметтік жоба «Əлемді өзгертетін идеялар»

 

Жобаның басты мақсаты – қазақстандық жастардың мемлекеттің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өміріне азаматтық атсалысу деңгейін арттыру.  Жобаның әдістемелік және идеологиялық негізі - Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі, Елбасының біртұтас, бейбітшілік пен татулықты ту еткен тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен нығайтудағы рөлі, еліміздің сыртқы саясаттағы жетістіктері, халқымыздың тарихи-мәдени мұрасы туралы материалдар.   

Жобаны әріптестер мен жергілікті жерлердегі негізгі ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, әртүрлі үлгідегі ұйымдастырылатын іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы жүзеге асыру жоспарланған.