Пікірлер

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.

Сарсекеева Зауре

10-10-2012

Выражаю огромную благодарность работникам музея Первого Президента за организацию интересной встречи с художником, археологом К.Алтынбековым. Узнала очень много новейшей и необходимой информации по археологическим раскопкам на территории Казахстана, Монголии, России по периоду древнего Казахстана. Эти сведения будут очень полезны на уроках по истории Казахстана.
Учитель истории и права ШГ №32. Сарсекеева З.Т.

Марияш

10-10-2012

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде өткен археолог Қ. Алтынбековтің дәрісі тарих пәні мұғалімдеріне өте құнды деректер мен мәліметтер берді. Дәріс барысында тас, қола, темір дәуірлерінің археологиялық зерттеулерінің өтуі туралы автордың өз аузынан есту өте әсерлі болды. Осындай шеберлік сыныбын ұйымдастырғаны үшін Музей қызметкерлеріне алғысымызды айтамыз.
Тарамбай М., № 14 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Бабиева Ұ.С.

10-10-2012

Музей қабырғасында өткізілген Қ. Алтынбековпен кездесу өте тартымды болды. Тас, қола, темір дәуірлері бойынша археологиялық ескерткіштерді сабақта өткенде таптырмайтын мәліметтермен таныстық. Ол ескерткіштер мен жәдігерлердің қалай қалпына келтіргендігін, ерен еңбектерін өз көзімізбен көріп, естігендіктен, бұдан былай оқушыларға да әрбір тарихи деректі түсіндіруде сенімді түрде айта аламын деп ойлаймын. Археологиялық ескерткіштерді қалпына келтіретін осындай ғалымдармен кездесуді оқушылармен де ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.
Бабиева Ұ.С., № 54 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі
Байқадам Г.Т., № 4 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Арғынбаев Ғ.Ж., № 24 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

10-10-2012

Қырым Алтынбековтің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі мен жетістіктері туралы өткізілген шеберлік сыныбы қатты ұнады. Алтын адам, түркі әлемінің өнері, сурет өнері, мәдениет, лабораториялық зерттеулер жайлы ауқымды және қызықты мол мағлұмат жинақтадық. Рахмет.

Эльмира

29-08-2012

Алғашқы білім баспалдағын Тұңғыш Президент Музейінен бастаған шәкірттерім үшін өте қуаныштымын. Себебі, бұл ғимараттың тарихи маңыздылығы мен үшін де, оқушыларым үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді және оқушыларымның болашақ өміріне өз қолтаңбасын қалдырды деп ойлаймын. «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі» атты Ата Заңымызға арналған сабақ барысында Музей қорынан алынған Елбасымызды ұлықтау рәсімі туралы бейнефильм, Ата Заңымызға қатысты мұрағат құжаттары көрсетіліп, оқушылар туған ел, тіл, Конституция, тарих туралы әңгімелеп, өз ойларын ортаға салды. Сабақ өте сәтті өтті деп ойлаймын және осы үшін Музей қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Бұл күн
№ 56 мектеп-лицейі үшін үлкен қуаныш.
Жоламанова Э.Қ., № 56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Эльмира

29-08-2012

Алғашқы білім баспалдағын Тұңғыш Президент Музейінен бастаған шәкірттерім үшін өте қуаныштымын. Себебі, бұл ғимараттың тарихи маңыздылығы мен үшін де, оқушыларым үшін де үлкен жауапкершілік жүктейді және оқушыларымның болашақ өміріне өз қолтаңбасын қалдырды деп ойлаймын. «Конституция – мемлекет тәуелсіздігінің негізі» атты Ата Заңымызға арналған сабақ барысында Музей қорынан алынған Елбасымызды ұлықтау рәсімі туралы бейнефильм, Ата Заңымызға қатысты мұрағат құжаттары көрсетіліп, оқушылар туған ел, тіл, Конституция, тарих туралы әңгімелеп, өз ойларын ортаға салды. Сабақ өте сәтті өтті деп ойлаймын және осы үшін Музей қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Бұл күн
№ 56 мектеп-лицейі үшін үлкен қуаныш.
Жоламанова Э.Қ., № 56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі

Айнагүл

29-08-2012

Бүгінгі Музей қабырғасында өтілген ашық сабаққа ризамыз. 1 сыныпқа алғаш келген балаларымыз Ата Заңның не екенін сезініп, өз ойларын ортаға салды. Осыған жағдай жасаған Музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.
Айнагүл Қабыкенқызы, ата-ана

Бибігүле

10-08-2012

Қазхстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі бізге қатты ұнады. Іші өте кең,таза,керемет ғимарат. Музей қызметкерлері кішіпейіл,ашық жандар.Әсіресе бізді Музеймен таныстырған Жанат есімді қызымыз өте білімді,сауатты,кез-келген қонақпен жылы табысып кетеді және де мемлекеттік тілімізде өте анық,қатесіз,еркін сойлейді.Осындай жастарымыз осындай қызметтерде көбейіп елімізді өркендете берсін. Баршамызға тілерім,тек басшымыз Н.Ә. Назарбаевқа Алла денсалуық, ұзақ ғұмыр берсін,халқымыз аман,еліміз тыныш болсын! Музей басшыларының,қызметкерлерінің еңбектеріне табыс тілеймін! Бибігүл-зейнеткер

АО"РДРЦ"г.Астана

13-07-2012

от АО"Республиканского детского реабилитационного центра"
Выражаем огромную благодарность ,за содействие в проведении экскурсии в музее"Первого Президента Республики Казахстан".Огромное спасибо Алие Сагынгалиевне,экскурсоводам,в частности Асель.Благодарим вас за теплый прием,индивидуальный подход и внимание.Время проведенное у вас в гостях как лучик солнца в жизни наших детей.

АО"РДРЦ"г.Астана

13-07-2012

Благодарим директора музея"Первого Президента Республики Казахстан" Алму Сагынгалиевну.Отделение "Ак жол"родители и дети 8-го заезда.

Беттер