Ғылыми бағдарлама

 

Кешенді жүйелі ғылыми-зерттеу жұмысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ұйымдастырылды.

Ғылыми бағдарлама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде 2007 жылдан бастап түбегейлі және қолданбалы зерттеулер жүргізу мақсатында жүзеге асырылған кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының логикалық жалғасы болып табылады және қазақстан қоғамын әлеуметтік-саяси тұрғыдан жаңғырту үдерістерін, тәуелсіздік жылдарындағы республика дамуының заңдылықтары мен нәтижелерін, Н.Ә. Назарбаев тұлғасының табысты қалыптасуы мен дамуы факторларын, Қазақстан Республикасы Президенті көшбасшылығының феноменін зерделеу және жан-жақты зерттеу арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи мұрасын одан әрі зерттеуді мақсат етіп қояды.

Бағдарлама төрт жобадан тұрады:

  1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм» ғылыми жобасы.
  2. «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан» ғылыми жобасы.
  3. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» ғылыми жобасы.
  4. «Тұлғаны лидерлік қасиет пен кәсібилікке тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі» ғылыми жобасы.

Бағдарлама тарихи, саяси, социологиялық және музейтанушылық зерттеулер жүргізу; жинақтар, монографиялар, ғылыми-әдістемелік материалдар, мақалалар және т.б. баспа өнімдерін, «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналына жарияланымдар шығару; конференциялар, оның ішінде халықаралық, семинарлар, дөңгелек үстелдер және шебер-сыныптар өткізу; зерттеу нәтижелерін Кітапхананың Ғылыми-білім беру бағдарламалары арқылы насихаттауды қарастырады.

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм»

ғылыми жобасы

 

Қазақстанның тәуелсіздігі мен бейбіт саясаты тұрақтылық пен ұлттық бірліктің түбегейлі негізіне айналды. Республика барлық ТМД кеңістігінде шиеленіссіз ұлттық дамудың үлгісі болып, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа бейбітшілік пен келісімді республиканың тәуелсіздік жылдарындағы басты табысы деп атауға мүмкіндік берді.

Н. Ә. Назарбаевтың бейбітшілік, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім идеясы еліміздің қоғамдық дамуының моделі, өзіндік тәжірибесі болып табылатын өзгертулердің терең мағынасын ашып көрсетеді әрі түбегейлі болып табылады.

Қазақстанның ұлтаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы қызметі еліміздің гуманитарлық өлшемдегі маңызды табыстарының бірі ретінде әлемдік деңгейде танылды.

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін, Мемлекет басшысының қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлін зерделеу жобаның мақсаты болып табылады.

Жобаның қойылған мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылады:

  1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеуді жалғастыру, саяси жүйенің трансформациялануына байланысты олардың байланысын бақылап отыру;
  2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлін көрсету;
  3. Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және конфессияаралық үнқатысуды әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар мен әлеуметтік-саяси болжамдар жасау.

 

«Қазіргі кезеңдегі Қазақстан»

ғылыми жобасы

 

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы дамып келе жатқан және жалғасын тапқан бірқатар үдерістерге бастау болды. Ол үдерістер мемлекет пен халық өмірінің түрлі жағына, оның ішінде, елдің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын әлеуметтік-саяси даму мәселесіне қозғау салады.

Қазіргі кезеңде әрекетті әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының негізін құрайды. Соған сәйкес халықтың лайықты өмір сапасын және деңгейін қамтамасыз ету шешуші көрсеткіш болса, оған жету – мемлекеттің маңызды міндеті.

Қазақстан аймақта тұрақтылық белдеуін құру және үйлестірілген көп векторлы саясатты қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм, экстремизм, есірткі саудасы және қару-жарақтың заңсыз айналымы сынды қазіргі заманғы қауіпсіздікке төнген сын-қатерге қарсы іс қимыл барысында аймақтық, жаһандық ауқымда Қазақстанның алар орны ерекше маңызды.

Жобаның мақсаты – қазақстандық қоғамның қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси жаңғыруының тұжырымдамасын және негізгі тенденцияларын белгілеп, сипаттама беру, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын көрсету, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың осы үдерістердегі рөлін зерделеу және ашып көрсету.

Жоба келесі зерттеушілік міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. Қазақстан халқының әл-ауқатын әрі қарай жақсартуға бағытталған қазақстандық қоғамның әлеуметтік-саяси жаңғыруының негізгі бағыттарын зерттеу;
  2.  Елбасының жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі идеяларын жүйелі түрде сараптау;
  3.  Н. Ә. Назарбаевтың осы үдерістердегі тарихи рөлін саралау және насихаттау.

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих»

ғылыми жобасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны тәуелсіз ел тарихымен сабақтас. Елбасы жасампаз идеялардың бастамашысы, қоғам мен мемлекет үшін маңызды әрі күрделі үдерістердің модераторы болып табылады. Сондықтан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды ғылыми зерттеу, өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаянын одан әрі жүйелі түрде ғылыми зерделеу, Елбасының бірегей тұлғасына әлемдік қоғамдастықтың көзқарасын шолу, саралау бұл жобаның мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес бұл жобаның зерттеушілік міндеттерінің аясына келесі жұмыстар кіреді:

  1. Елбасы өмірбаянын одан әрі зерделеу;
  2. Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен факторларды анықтау;
  3.  Н. Ә. Назарбаев пен тәуелсіз Қазақстан тарихы арасындағы өзара байланысты ғылыми зерделеу;
  4.  Қазақстан Республикасы Президентінің саяси қызметіне әлемдік және отандық қоғамдастықтың көзқарасын саралау.

 

«Тұлғаны лидерлік қасиет пен кәсібилікке

тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі»

ғылыми жобасы

 

Қазіргі кезеңде жастар – тұрғындардың ең әлеуметтік-белсенді бөлігі, жаңа идеялар мен өмірлік күш-қуат пен қоғам энергиясының қайнар көзі.

Өскелең ұрпақтың бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру және олардың кәсіби біліктіліктерін арттыру қазіргі қоғам алдындағы негізгі міндеттер болып табылады.

Өткізілген кездесулер, дебаттық турнирлер, элективті курстар, сабақтардың нәтижелері көрсеткендей, қазіргі таңда оқушыларымыз өз бойларындағы лидерлік қасиетті дамытуда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жеке өмірлік тәжірибесін үлгі тұтады.

Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы материалдардың негізінде Елбасының жеке қасиеттері мен саяси ұстанымдарын жас ұрпаққа насихаттау жобаның мақсаты болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді шешу қарастырылады:

 

  1. тарихи, саяси, әлеуметтік және педагогикалық зерттеулер жүргізу, социологиялық мәліметтерді салыстырмалы түрде саралау;
  2. жинақтар, ғылыми-әдістемелік материалдарды басылымнан шығару, «Мирас» журналы және басқа республикалық баспа басылымдарында мақалалар жариялау;
  3. шеберлік сыныптар, тренингтер, ашық сабақтар, дәрістер, «дөңгелек үстелдер», дебаттық турнирлер, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференциялар өткізу, «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту» элективті курсын жалғастыру.
  4. жоба нәтижелерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Ғылыми-білім беру бағдарламасы арқылы насихаттау.