Ғылыми қызмет

Ғылыми қызмет

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми қызметі қазіргі заман тарихы оқиғаларын ашып көрсетудің ғылыми негізделген әдіснамасын тұрақты жетілдіру, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының тарихы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы       Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлі туралы ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу; ғылыми-зерттеу және дереккөзтанушылық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу; әдістемелік-консультациялық жұмыстарды жүргізу, Кітапхана ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін насихаттау, сонымен қатар, музейтану мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізуді жүзеге асыруға бағытталған.

Ғылыми-зерттеу жұмысында әрбір ғылыми қызметкердің мамандануына үлкен мән беріледі.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық құрылысы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты, Нұр-Сұлтанның қалыптасуы мен дамуы, конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі, Қазақстан Республикасының көп векторлы саясаты стратегиясын нығайту және оның сыртқы саяси беделін бекіту мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Ғылыми-іздестіру және дереккөзтанушылық жұмыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтерді жинақтау мен жүйелеуге бағытталған.

Ғылыми іссапарлар мен экспедициялар ғылыми зерттеулердің дереккөздік базасын қалыптастырудың негізгі түрі болып табылады.

Республика архивтерінде, кітапханаларында, Тұңғыш Президенттің кіші Отаны – Алматы облысы Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылына және қызмет атқарған өлкелері Теміртау, Қарағанды және т.б. қалалаларға жасалған ғылыми-іздестіру экспедициялары, іссапарлары барысында Елбасының өмірбаяны, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты тарихи материалдар, жаңа деректер анықталып, ғылыми айналымға енгізілді.

Музейтану және мұрағаттану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер Кітапхана музейі мен мұрағаты жинағының бұйымдарын одан әрі зерделеуге және насихаттауға мүмкіндік жасайды.

Қызмет мамандары ғылыми тұжырымдамалар, тақырыптық экскурсиялар өткізуге арналған ғылыми-әдістемелік ұсынымдар мен экскурсия мәтіндерін әзірлеу арқылы музейдің тұрақты экспозициялары мен реэкспозицияларын  ғылыми жобалауға қатысады.

Музейлік коммуникация саласында зерттеулер жүргізу музейтанушылық және ғылыми-педагогикалық зерттеулерді біріктіреді және Елбасы кітапханасы Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық пікірді зерделеу саласында жүзеге асырылады. Бұл бағытта келушілерді мониторингтау жүйесін әзірлеу және жүргізу, социологиялық сауалнамаларды өңдеу, ағартушылық қызметті саралау, мониторинг нәтижесі бойынша жарты жылдық және жылдық есептер дайындау жұмыстары жүзеге асырылады. Социологиялық сауалнамалар және оларды талдау нәтижелері негізінде ғылыми-білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленеді.

2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің негізінде жүзеге асырылған ғылыми бағдарламалар ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын стратегиялық жоспарлаудың бір түрі болып табылады.

Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу жобалары жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер, жоғары оқу орындарының мамандары, ғылыми ұйымдармен кең ынтымақтастықта қызмет атқаруға бағытталған. Зерттеу нәтижелері бойынша қызметкерлер баспасөз басылымдарының түрлерін (ұжымдық монографиялар, мақалалар жинақтары, материалдар мен құжаттар жинақтары, альбомдар, брошюралар, ақпараттық-анықтамалық басылымдар, ғылыми-ақпараттық материалдар және т.б.) басылымға дайындады.

Елбасы кітапханасының қорында жинақталған құжаттар мен экспонаттар маңыздылығы жөнінен бірегей материалдардан тұрады және ғылыми зерделеу мен зерттеулер жүргізудің нысандары болып табылады. Бұл орайда, Елбасының Жеке архиві, Жеке кітапханасы, музей қоры материалдарын анықтау, зерделеу мен пайдалануға үлкен назар аударылады. Бұл дереккөздер кешенін ғылыми айналымға қосу өзекті қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша түбегейлі зерттеулерді одан әрі қарай жүргізуге жағдай жасайды.

Елбасы кітапханасы өміріндегі маңызды оқиғаларға айналған бірқатар ірі ғылыми конференциялар мен «дөңгелек үстелдердің» өткізілуі ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін айғақтайды.