2014 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің кезекті отырысы өтті

2014 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері және қала мектептерінен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогіне оқушылар арасында қалалық дебаттық турнир өткізді

27 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогіне оқушылар арасында қалалық дебаттық турнир өткізді. Турнирдің басты идеясы – Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтуге байланысты сұрақтарды қарастырды. Шара 2014 жылы ауыспалы кубокті жеңіп алған № 38 мектеп-лицейінде өтіп, оған 23 қазақ, орыс лигалары қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өтті

2015 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өтті. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, елорда мектептерінің тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өткізілді

2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: 1.  2016 жылдың ІІ жарты жылдығына қорытынды жасау.

Астана қаласындағы № 1 Балалар музыкалық мектебі оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Ашық есік күні өткізілді

2017 жылы 24 мамырда Астана қаласындағы № 1 Балалар музыкалық мектебі оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні аясында Музей экспозициялары жанында музей педагогтары «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы»,  «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері», «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» атты сабақ-экскурсиялар өткізді.

Марапаттау рәсімері

2016 жылы 9, 12 желтоқсанда «Қазақстан – халықаралық аренада» атты үздік музейлік сабаққа қалалық педагогтар шеберлігі байқауы жеңімпаздарын, жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасында «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянға жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімері өткізілді. 2017 жылдың 28 сәуірінде  «Әлемді өзгертетін идеялар» атты оқушылардың ғылыми жобалары байқауының ақтық кезеңі мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы әрине, байқау жақындап қалған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналды.

«Музей және балалар (кішкентай балаларға арналған әліппе-жол көрсеткіш)» ғылыми-ағартушылық жобасы

«Музей және балалар (кішкентай балаларға арналған әліппе-жол көрсеткіш)» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасын табуда – 2017 жылдың 1 наурыз және 26 сәуірде № 3 «Күншуақ» және № 14 «Ақбөпе» балабақшаларының тәрбиеленушілеріне арналған «Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музейлік сабағы өткізілді. 

11 сынып оқушыларына жоспардан тыс іс-шара өткізілді

2017 жылы 14 ақпанда № 50 Райымбек батыр атындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларына жоспардан тыс іс-шара өткізілді. «Лидерлік қасиетті дамыту» атты семинар-тренинг барысында «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту» элективтік курсының тақырыптық жоспарына сәйкес оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған тренингтік дәрістер өткізілді.

Дебаттық турнир өткізілді

2017 жылы 28 наурызда № 53 мектеп-лицейінің базасында оқушылардың арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнирге астаналық мектептердің 40-тан астам командасы қатысты.

«Әлемдік қауымдастық таныған ел» атты дебаттық турнир өткізілді

«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында «Ақиқат» дебаттық клубының жұмысы жалғасуда: алғаш рет көпшіліктің сұранысы бойынша астана колледждері студенттерінің арасында 2016 жылдың 5 қарашасында «Әлемдік қауымдастық таныған ел» атты дебаттық турнир өткізілді.

Беттер