«Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы
«Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау жөніндегі республикалық бағдарламасы 2018 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосу ретінде пайда болды. Бағдарлама жас таланттарды анықтауға және республиканың қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын танымал етуге бағытталған. «Туған өлкем» бағдарламасының арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары республиканың балалар көркемсурет мектептері тәрбиеленушілерінің үздік дипломдық жұмыстарымен танысу мүмкіндігіне ие болады.