«Балалық шақтан көзқарас» жобасы


Линия слева от текста

2005 жылы «Балалық шақтан көзқарас» балалар шығармашылығын қолдау жобасы көрме қызметі бойынша жүйелі жұмыстың басталуына негіз болды. Жыл сайын жоба аясында вернисаждар, фестивальдер, шеберлік сыныптары, конкурстар өткізіледі. Жоба аясындағы басты серіктестердің бірі Нұр–Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы болып табылады.

07.12.2020 | «ТУҒАН ЖЕРІМ» XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

7 желтоқсан күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан көшесі, 1а) «Туған жерім» XV халықаралық бейнелеу өнері байқауының нәтижесінде балалар шығармашылығы туындыларының көрмесі ашылды.