Волонтерлік (еріктілік)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы базасында «Кемел Ел» мәдени-ағартушылық жұмыстары және жастарды тәрбиелеу орталығы (әрі қарай – «Кемел Ел» орталығы) жұмыс істейді.

 «Кемел Ел» орталығы республикалық ауқымда жұмыстар жүргізіп, Тұңғыш Президент – Елбасының идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге мүмкіндік береді. «Кемел Ел» Орталығының қызметі жастармен арнайы жұмыс жүргізу мәселесін тиімді шешуге мүмкіндік береді: әмбебап сипаттағы жоба барлық санаттағы қазақстандық жастарды қамтиды (оқушылар, студенттер, жұмыс істейтін, әлеуметтік әлсіз, инклюзивті) және т.б. Жобаның ұйымдастырушылық жағынан жетілдірілуі «Кемел Ел» орталықтарын өңірлерде ашуды көздейді, өңірлік орталықтардың мүшелік құрамының негізін екікүндік семинар-тренингке қатысқан және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ жанындағы «Кемел Ел» орталығының базасына енгізілген жастар құрайтын болады.  Әріптестермен (скаут, волонтер қозғалысы және т.б.) өзара іс-қимылды үйлестіруді және жастармен өңірлік деңгейдегі жұмысты ұйымдастыруды Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ жанындағы «Кемел Ел» мәдени-біліи беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығының әдістемелік нұсқаулықтарына, оқу-әдістемілк құралдарына, кеңестік көмегіне сүйене отырып, жобаның «зәкірлік» ұйымдары жүргізеді.

Практика

2016 жылы Кітапхана алғаш рет өзінің базасында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастырды. Өндірістік практиканың негізгі мақсаты келешек мамандардың теориялық білімдерін бекіту, ғылыми-зерттеу жұмысындағы және өндірістік қызметтегі практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Өндірістік практика барысында студенттер маманның кәсіби қызметінің барлық түрлерін игеріп, мәдіни-ағартушылық іс-шараларын ұйымдатсыру мен жүргізу дағдыларына төселіп, жергілікті әкімшілік құрылымдармен кәсіби ынтымақтастық тәжірибесін жинақтайды, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының қызметімен танысады.