Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.   

Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Мемлекет басшысының бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының назары күшейіп отыр.

Бұл тарауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені туралы қалам тербеген шетелдік БАҚ жарияланымдарымен танысуға болады.  

 

Виктор Садовничий. М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры

Қазақстанның үдемелі өзгеруі – аса көрнекті мемлекет қайраткері, мықты ғалым, халықтар достығын дамытуға үлкен үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Мәскеу мемлекеттік университеті 1994 жылы дәл осы оқу орнының ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев еуразия, бұрынғы посткеңестік елдерді интеграциялау идеясын алғаш қозғағанын мақтан тұтады. Қазақстанның лидері аса көрнекті, әлемдегі ең құрметті мемлекеттік басшылардың бірі болып табылады.  

Ли Куан Ю. Сингапур Республикасының бірінші премьер-министрі (1959-1990 жж.)

  «Президент Назарбаев — кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. Қазақстан лидері — белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев республиканы басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі анағұрлым мол болады».  

Беттер