Аңдатпа


26.02.2021 | «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

1 наурыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) Алғыс айту күніне арналған «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

24.02.2021 | Балалар көркемсурет мектебі оқытушыларының «Шығармашылық: қабілет, әуестік» атты көрмесінің ашылуы өтеді

2021 жылғы 25 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтеді.

22.02.2021 | «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

24 ақпанда 15:00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде (Ә.Бөкейхан, 1А) «Ұлы Дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас»халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.

18.02.2021 | «АСТАНАДАҒЫ ЕҚЫҰ-2010 САММИТІНІҢ ТАРИХИ МӘНІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

19 ақпанда сағ. 15:00-де «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырады.

09.02.2021 | «КӘМІЛ МОЛЛАШЕВТІҢ ӨНЕР ӘЛЕМІ» КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛМЕК

11 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жаңа музейінде (Бөкейхан көшесі, 1а) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші  Кәміл Моллашевтың шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Кеш барысында автограф-сессия өтеді. К.У.Моллашевтің каталогы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан.

22.01.2021 | «ТУҒАН ӨЛКЕМ» КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2021 жылғы 26 қаңтар күні сағат 15.00-де Елбасының кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтеді. «Туған өлкем» көрмесі балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Көрмеге әр түрлі техникада орындалған мектеп түлектерінің 50-ден астам жұмыстары қойылады.

18.01.2021 | «ӘСЕМДІКТІҢ, ҮНДЕСТІК ПЕН СҰЛУЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ» АТТЫ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

19 қаңтар күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан к-сі, 1а) кітапхананың музей жинағынан «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» атты қор көрмесінің  ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын суреттейтін әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің 50-ден аса үлгісі ұсынылады. Бұл экспонаттар вазалардың кең тақырыптық жинағының аз ғана бөлігі.

31.12.2020 | СІЗДЕРДІ КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Жақсылықтың жаршысы болған  Жаңа жыл шаңырақтарыңызды шаттық пен қуанышқа толтырып, бақыт пен береке әкелсін! Жаңа 2021 жылда Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз! Құрметпен,

22.12.2020 | ОНЛАЙН-ФОРУМ «ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ» С УЧАСТИЕМ МОЛОДЕЖНЫХ ЛИДЕРОВ КАЗАХСТАНА

23 декабря 2020 г. в 11.00 в новом здании Музея Библиотеки Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, состоится онлайн-форум с молодежными лидерами Казахстана «Жалынды жастар – Елдің жарқын болашағы» с участием лидеров молодежных организаций Казахстана и победителей проекта «100 новых лиц Казахстана», волонтеров Библиотеки Елбасы.

Беттер