Аңдатпа


22.12.2020 | ОНЛАЙН-ФОРУМ «ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ЕЛДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ» С УЧАСТИЕМ МОЛОДЕЖНЫХ ЛИДЕРОВ КАЗАХСТАНА

23 декабря 2020 г. в 11.00 в новом здании Музея Библиотеки Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, состоится онлайн-форум с молодежными лидерами Казахстана «Жалынды жастар – Елдің жарқын болашағы» с участием лидеров молодежных организаций Казахстана и победителей проекта «100 новых лиц Казахстана», волонтеров Библиотеки Елбасы.

03.12.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ASTANA IT UNIVERSITY АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮ РӘСІМІ ЖОСПАРЛАНДЫ

4 желтоқсан күні Astana IT University ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы аясында білім беруді жаңғырту және цифрландыру» альбомының тұсаукесері аясында Елбасы кітапханасы мен  Astana IT University өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.        Іс-шараның мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған білім беру ісін бірізділікке түсіру бастамаларын құрылымдық және сатылай талдау.

17.11.2020 | АҢДАТПА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

2020 жылғы 19 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи негізі» және «Дипломатиялық сыйлықтар – адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» атты екі көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Елбасы кітапханасының архивтік, кітаптар және музей жинақтарындағы көрмелер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар сериясы аясында дайындалды.

17.11.2020 | АҢДАТПА. «N.A. NAZARBAYEV. ULU BOZKIRIN MIRASI» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

20 қараша күні сағат 12.00-де Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен (ТҮРКСОЙ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде жазылған «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы Дала мұрасы») кітабының тұсаукесеріне арналған халықаралық онлайн-конференция өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орайластырылған.

10.11.2020 | ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЗАЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА АШЫЛАДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылдың 11 қараша күні сағат 17.00-де Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың залы ашылады. Шара елімізде 1-ші желтоқсанда атап өтілетін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, университет ғалымдары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысады.

10.11.2020 | «НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ» БИОБИБЛИОГРАФИЯ-КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

12 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ҚР Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы»  (Шевченко к-сі, 28, 3 қабат, конференция залы )Орталық ғылыми кітапханада «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиясының тұсаукесерін өткізеді. Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор М.Б. Қасымбеков басқарды.

06.11.2020 | «ИОАНН ПАВЕЛ ІІ – ҮНҚАТЫСУ ПАПАСЫ» КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

Биыл 10 қарашада, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) Рим папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай Понтификтің 2001 жылғы Қазақстанға ресми сапарына арналған «Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» көрмесі ашылады. «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында өтетін іс-шараны Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының елшілігі мен Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурамен бірлесіп ұйымдастырады.

05.11.2020 | ЕЛОРДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ТУРНИР

7 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірсайыс клубы елорданың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Елбасы және қазақ мемлекеттілігі» тақырыбында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогіне онлайн қалалық пікірталас турнирін өткізеді.  «Ақиқат» пікірсайыс клубының мақсаты – тәуелсіз  Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді талдау арқылы жастардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы мен қойылған мәселені өз бетінше шешіп, ақиқатқа жетуге баулу. 

02.11.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮЫ

4 қараша сағат 12.00-де Елбасы Кітапханасының жаңа мұражай ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтеді.

Беттер