Аңдатпа


25.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ БЕЙНЕКӨРМЕСІ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында «Болашақ үшін естелік» виртуалды бейнекөрмесін ұсынады.

25.05.2020 | «Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылғы 29 мамыр күні, 11:00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысы әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе «Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

14.05.2020 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КҮМІСТІҢ МӘҢГІЛІК СӘУЛЕСІ» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан  «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады. «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Көрме барлығы 126 сақтау бірліктен тұрады.

04.05.2020 | «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75-жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бірқатар көрмелер мен іс-шараларды  жоспарлады. Белгілі себептерге байланысты көрмелер Елбасы кітапханасының сайты мен Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің және «Sputnik Қазақстан» жаңалықтар агенттігінің сайттары арқылы әлеуметтік желілерде көру үшін қолжетімді электрондық форматқа көшті. 

04.05.2020 | «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ». ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК МУЗЕЙЛІК САБАҚҚА ОНЛАЙН-БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне арналған Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері арасында үздік музейлік сабаққа республикалық онлайн-байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты - мемлекеттің қалыптасуы, Тәуелсіздік алу, Қазақстанның халықаралық кеңістікке интеграциялануы, елдің экономикалық және мәдени жаңғыруы, тұрақты дамуын нығайту жолындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін ашу.

28.04.2020 | «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ».НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Шығыстың ұлы ғалымы, философы, математигі, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына байланысты Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласында оқитын 7-11 сынып оқушылары арасында үздік эссе Байқауын жариялайды. Жұмыстың тақырыбы – «Ұлы даланың ұлық тұлғасы».

28.04.2020 | «ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» виртуалды көрмесін ұсынады.

08.04.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАЛАРЫ

Құрметті оқырмандар! Сіздерге www.presidentlibrary.kz ресми сайтында оқуға қол жетімді 3000-нан астам жарияланымдары бар тегін интернет-кітапхананы пайдалануға болатындығын еске саламыз. Цифрланған кітаптар мен мақалаларға сайттың басты бетіндегі «Кітапхана» тарауы арқылы қол жеткізуге болады. «е-Кітапхана» тараушасын таңдау арқылы оқырман электронды каталогқа қол жеткізеді.

11.02.2020 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» - 2020

«Болашаққа жол өзіңнен басталады» - 2020  семинар-тренингі ертең, 12 ақпанда Назарбаев орталығының ғимаратында өтеді. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысады.  Басталуы 9.00 сағатта.

05.02.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

6 ақпан күні, 15-00 сағатта Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған мына кітаптардың тұсаукесері өтеді: «Н.Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы»; Елбасы замандастары естеліктері. «Біз білетін Елбасы»; - «Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы»;

Беттер