«Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы»

2016 жылдың 25 қарашасында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. 


 

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қ. білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы,  М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

Тұлғаның өзін-өзі тануы факторларының бірі ретінде ән мұрасының педагогикалық әлеуетінің орыны ерекше. Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әзірлеген бұл арнайы жоба Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен өзара әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» жобасы – Музейдің ұлттық дәстүрлерді сақтауға және «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі формаларының бірі. Конкурстың негізгі мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастырудағы аса бай ресурс ретінде ән шығармашылығының маңыздылығын арттыру, музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.   

 


 

Жоба негізінде Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын және Мемлекет басшысының сүйікті әндерін зерттеу қарастырылған. Ұлт Көшбасшысының ән шығармашылығынан оның адам және азамат ретіндегі жеке тұлғасының бірегей қырларын көруге болады. Оның сүйікті әндері мен авторлық әндері жеке тұлғаның рухани талпыныстарының бейнесі ретінде Отанға, халыққа, ел тарихына және дәстүрлеріне деген ерекше сезімін көрсетеді. 

Бұл Жалпықалалық конкурс астаналықтар арасында барынша танымал болып келеді. Конкурс 2016 жылғы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Конкурстық комиссияға 79 білім беру мекемелерінен 164 өтінім түсті. Конкурсқа тұңғыш рет астаналық колледждердің студенттері де қатысты. Сондай-ақ алғаш рет конкурсқа қатысушылардың жеке санаты бойынша білім беру мекемелерінің музыка пәні мұғалімдері аталған номинацияларда өздерінің конкурстық өнерлерін көрсетті.

Конкурс жас ерекшеліктері бойынша 4 санатта: 10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 16 жасқа дейін, 17-ден 20 жасқа дейін, 20 жас және одан әрі қарай үш номинацияда өткізілді:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» (Мемлекет басшысының сүйікті әндерін орындау);

– «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» (өзі шығарған әндерді орындау).


 

Іріктеу турынан соң конкурстың финалына 33 номинант өтті   (өткен жылы – 18). Жеке орындаушылар, дуэттер және вокалдық топтар әділ қазылар алқасы төрешілігіне өз шеберліктерін ұсынды.

Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша бір де бір қатысушы назардан тыс қалмады. Мерекеден естелік ретінде ұйымдастырушылар Қазақстан Републикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар әрбір қатысушыға «Белсенді қатысқаны үшін» арнайы дипломы тапсырылды.

«Ең үздік ән» номинациясына «Көк тудың желбірегені» әнімен Астана қ. Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Елтаев Еламан ие болды. «Жоғары орындау шеберлігі» номинациясында № 37 орта мектебінің оқушысы Маратов Айбат «Айнакөл» әнімен жеңімпаз болып танылды. 


 

Орындар келесідей бөлінді:

 «Бабамнан қалгаң кең дала» /  (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау) номинациясы бойынша:

– I дәрежелі диплом – Тактанов Бекзат (№ 64 мектеп-лицейі) «Город мой» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Кажыкенов Азамат (№ 67 гимназия) «Жерім менің» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Қанат Жандаулет (Басқару колледжі) «Сарыарқа» әнімен;

 

«Біздің Президенттің сүйікті әндері ырғағымен» номинациясы бойынша марпатталғандар:

 

10-12 жас санаты бойынша:

 

– I дәрежелі диплом – Жекей Жанна (№ 23 орта мектебі) «Бүлдірген» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Инербаева Азеля (№ 66 мектеп-лицейі) «Атамекен» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Төкенов Ильяс (№ 72 мектеп-лицейі) «Беу айдай» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Ержанова Салтанат (№ 12 орта мектебі) «Жұлдызым» әнімен;

 

13-16 жас санаты бойынша:

– II дәрежелі диплом  – Скнарина Полина (№ 22 орта мектебі) «Анаға сәлем» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Маккаби Фариза (№ 24 орта мектебі) «Көзімнің қарасы» әнімен;

 «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма»

номинациясы бойынша марапатталғандар:

10-12 жас санаты бойынша:

– I дәрежелі диплом –  Садуакасова Айнұр (№ 44 орта мектебі) «Дархан Қазақстан» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Ғазизов Рустем (№ 70 мектеп-гимназиясы) «Бейбіт өмір болсын әлемде» әнімен;

 

17-20 жас санаты бойынша:

– III дәрежелі диплом – Гуманитарлық колледждің триосы «Город нашей мечты» әнімен.

 

Конкурстың Бас жүлдесін

«Астана махаббатым менің» әнін орындаған Кәсіптік-техникалық колледждің триосы иеленді.

 

Мұғалімдер арасындағы орындар келесідей бөлінді:

– I дәрежелі диплом – № 67 гимназияның мұғалімдер триосы «Шилі өзен» халық әнімен;

– II дәрежелі диплом – Ысқақ Солдатхан (№ 30 мектеп-гимназиясы) «Жерім менің» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Ахажанова Жансая (№ 37 орта мектебі) «Жұлдызым» әнімен;

 

Музыка пәні мұғалімдері арасында Бас жүлдені

«Сәулем-ай» әнін орындаған Ереханова Клара Жұмаханқызы (№ 72 мектеп-гимназиясы) иеленді.

 

Конкурстың қазылар алқасы сонымен бірге «Патриоттық тақырыптағы әндердің үздік авторларын» марапаттады:

– К. Едресов «Бейбіт өмір болсын әлемде» әнімен (№ 70 мектеп-гимназиясы);

– З. Оразбекова және Т. Разина «Город нашей мечты» әнімен (Гуманитарлық колледж).

 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан басты сыйлықтар – «Алтын микрофон» және 30 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі сертификаттар табысталды.