Елбасының стратегиялық бастамалары мен тарихи сөздері
Елбасының қазақстандықтарға арналған Жолдаулары және сөйлеген сөздері – елімізді дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың айқын бағыт-бағдары.
«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға, еліміздің бас қаласын Ақмолаға (қәзір - Нұр-Сұлтан) көшіруге, Президентті ұлықтау рәсіміндегі, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференцияларда сөйлеген сөздері еліміздің жарқын келешекке жетелейді.
Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихы үшін маңызды мәселелер бойынша сөйлеген сөздерімен танысуға болады.