Жаңалықтар


01.03.2021 | «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!»

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Алғыс айту күніне арналған «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, докторанттар мен магистранттар қатысты.

01.03.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады. Көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі бұл мерекеге ерекше сән береді.

01.03.2021 | МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше. Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз.

01.03.2021 | СУМА ЧАКРАБАРТИ: «БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҮШІН ҚҰНДЫ МҰРАНЫ САҚТАУ МАҢЫЗДЫ»

28 ақпанда Елбасы кітапханасына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Сума Чакрабарти және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар  агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келді.

26.02.2021 | ТҮРІКМЕНСТАН ЕЛШІСІ БАТЫР РЕДЖЕПОВТЫҢ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА САПАРЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейін Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов аралады.  Мәртебелі мейман Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихынан сыр шертетін музей экспозицияларының мазмұнымен танысты.

26.02.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА АӨСШК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Бүгін АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай бастаған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес делегациясы Елбасы кітапханасына келді. АӨСШК өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболатпен кездесті. Мекеме басшысы қонақтарды Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың мұрасы мен тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерін насихаттауға бағытталған Елбасы кітапханасының қызметімен таныстырды.

26.02.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕМИНАРЫНА УКРАИНА ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Украинадағы Каменское қаласының жоғары кәсіби училищесінің жастарына онлайн-семинар өтті. Бұл оқу орнында Нұрсұлтан Назарбаев 1958-1960 жылдары білім алған болатын. Іс-шара «Қазақстан жолы: жетістіктер мен жаңару жолы» халықаралық ғылыми-білім беру жобасының аясында өтті. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова тәуелсіз Қазақстан тарихы мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет жолындағы маңызды кезеңдерге тоқталды.  

25.02.2021 | БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: ҚАБІЛЕТ, ӘУЕСТІК» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтті.

25.02.2021 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» ЕНДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ!

25 ақпанда Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен Astana IT University және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттеріне арналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг өтті.

24.02.2021 | «ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ: ЖАҢАША ОЙ МЕН ТЫҢ КӨЗҚАРАС» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды.

Беттер