Балалар көркемсурет мектебі оқытушыларының «Шығармашылық: қабілет, әуестік» атты көрмесінің ашылуы өтеді

2021 жылғы 25 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы Елбасы кітапханасының байырғы серіктесі ретінде 2005 жылдан бері көптеген көрмелер, фестивальдер, шеберлік-сыныптар, шығармашылық кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізіп келеді.

Көрмеде Т.Құжанбаев, Н. Асқар, Г.Асқарова, А.Аманжолова, Г.Тукина, А.Туғанбекова, С.Жандуллаева, О.Бекенов, Б.Жұмабекова, Д.Қамалова сынды суретші-оқытушылардың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде түрлі жанрлар мен бағыттарды қамтыған 60-тан астам туынды ұсынылады.

Шара соңында Елбасы кітапханасының атынан ұстаздарды Бейнелеу өнеріндегі жоғары кәсіби біліктілігі және балалар шығармашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін арнайы сертификатымен марапаттау рәсімі өтеді.

Көрме 2021 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. Іс-шара материалдарымен  https://presidentlibrary.kz сайтындағы «Көрмелер» («Жобалар») бөлімінде танысуға болады.