ЕҚЫҰ-НЫҢ НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛАР КЕҢСЕСІНІҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛДЫ

 Бүгін ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалық кеңсесінің жаңа басшысы Фолкер Фробарт Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.  Мәртебелі мейман Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратындағы ауқымды экспозицияларымен танысып, алған әсерімен бөлісті.

Экскурсия «Мәңгілік Ел» идеясының пайда болуы мен жүзеге асырылуының негізгі принциптерін баяндайтын шағын фильмнің көрскөрсетілімінен басталды.  Әрі қарай қонақтарға тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен нығаюының маңызды кезеңдерін бейнелейтін жәдігерлер ұсынылды.

 Елбасы кітапханасының музей залдары заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған.  Экспозициялар 3D форматындағы голографиялық композициялар, сондай-ақ электрондық карталар, картографиялық шоулар, сенсорлық мониторлар мен медиа-кестелер көмегімен ұсынылған.

 Экскурсиялық турдан кейін Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат Фолькер Фробартпен кездесті.

 «1992 жылдың қаңтарында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға кіргеннен бері ұйым мен еліміз арасындағы ең жемісті қатынастар қалыптасты.  Қазақстан ЕҚЫҰ-ның барлық үш бағытына - әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерге белсенді қатысады.  Ынтымақтастықтың жарқын мысалы - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және осы ұйымның 2010 жылы қазақстандық астанада өткен саммиті.  Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге ЕҚЫҰ үшін үлкен және құнды тәжірибе болды.  Қазақстанға төрағалық ету кезінде Ұйымның одан әрі даму мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселелер көтерілді », - деп баса айтты ол. Б.Темірболат Ф.Фробартты жақында ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолкер Фробарт мекеме басшысына мазмұнды экскурсия үшін алғыс білдіріп, музейдің техникалық жабдықталуынан үлкен әсер алғанын атап өтті.

 «Мен бүкіл әлемде өз түрімен теңдесі жоқ ауқымды көрме кеңістігінің көпфункционалдығын жеке атап өткім келеді.  Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасымен ынтымақтастықта болғанымызға өте қуаныштымыз. және біздіқуаныштымыз. Алдағы уақытта бізді көптеген бірлескен іс-шаралар күтіп тұр деп ойлаймын.  Жақын арада ірі тарихи оқиғалар - Қазақстан Тәуелсіздігінің және Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға кіруінің мерейтойлық даталары жақындап келеді», - деді Ф.Фробарт.

 Кездесу соңында Бақытжан Темірболат Фолькер Фробартқа «Nursultan Nazarbayev. Biography» кітабын естелікке тарту етті.