«КӘМІЛ МОЛЛАШЕВТІҢ ӨНЕР ӘЛЕМІ» КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛМЕК

11 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жаңа музейінде (Бөкейхан көшесі, 1а) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші  Кәміл Моллашевтың шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Кеш барысында автограф-сессия өтеді. К.У.Моллашевтің каталогы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан.

Көрмеде суретшінің 1974-2017 жылдар аралығында жарық көрген 30-ға жуық жұмысы ұсынылады. Жанр, стиль тұрғысынан саналуан туындылар шебердің дарынын айшықтап, «Кәміл Моллашевтің өнер әлемін» ашады.

Көрме  Елбасы кітапханасының танымал авторлардың шығармашылығын ретроспективті түрде көрсетуге бағытталған  «Тәуелсіздіктің мәдени коды»  атты жаңа ғылыми-экспозициялық серіктестік жобасының жұмысын ашады. Қазіргі заманғы өнер туындылары егемен Қазақстанның Даму шындығының көрінісі болып табылады, уақыттың ерекше рухын көтереді. Танымал авторлардың жұмыстары уақыт сынынан өткен және оларды елдің күнделікті шығармашылық өмірінің бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Бүгінде Елбасы кітапханасының мемлекеттік сақтауында тұрған К.Моллашевтің бір қатар жұмысы музей жинағының мақтанышына айналған.

Көрме 2021 жылдың 27 ақпанына дейін жалғасады

 

К.У. Моллашев 1944 жылы 27 қазанда ҚХР Үрімші қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алма-Ата көркемсурет училищесін, ал 1978 жылы В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтының станоктық кескіндеме факультетін бітірген.

Ол – республикалық, одақтық, халықаралық көрмелердің қатысушысы, КСРО Суретшілер одағы мен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер академиясының және «Ханьшань» педагогикалық институтының (ҚХР) профессоры.

К.У. Моллашев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының халық суретшісі, Г. Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан, Ресей, ҚХР Көркемсурет академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының «Парасат» орденінің иегері, Татарстан Республикасы  «Дуслык» орденінің иегері.

Кәміл Моллашевтің жұмыстары Париждегі Гран-Пале салонында, Мәскеудегі Третьяков галереясында, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде, ҚР Президентінің Мәдениет Орталығында, Қазан галереясында, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қойылған.

Бүгінде суретшінің туындылары Лихтенштейн, Франция, Англия, Америка, Канада, Ресей, Түркия, Қытай, Жапониядағы жеке топтамаларынан, отандық коллекциялардан орын алған.