«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

16 сәуір күні сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді.
 
 
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырады.
Конференцияның мақсаты – 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылау. 
Іс-шараның модераторы Елбасы кітапханасының директоры Б.Темірболат болады. 
Конференцияға қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар қатысады, олардың қатарында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ш. Нұрышев, Түркия Республикасы Президентінің кеңесшісі Я.Топчу, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Б.Әміреев, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Әзербайжандағы Ататүрік орталығының төрағасы Н.Джафаров, Халықаралық Түркі академиясының президенті Д. Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Б. Чакыджи, археолог З.Самашев, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің «Философия және руханият негіздері» кафедрасының меңгерушісі Н.Шермухамедова және басқалар бар.
 
Подключиться к конференции Zoom
Идентификатор конференции: 916 9421 5520
Код доступа: 727471