ГЕЙДАР ӘЛИЕВ ҚОРЫ ӘЗЕРБАЙЖАНҒА ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТКІЗДІ
Гейдар Әлиев қоры Әзербайжан Министрлер кабинеті жанынан құрылған Жедел штабтың коронавирус індетімен күресудегі жұмысын қолдау үшін түрлі елдердің медициналық құралдарын жеткізді.
Арнайы медициналық маскалар, қолғаптар, көзілдіріктер, медициналық киімдер мен дезинфекциялық құралдар тиісті медициналық мекемелерге тапсырылды.