Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасындағы Елбасының жеке архивінде Мемлекет басшысының қызметіне байланысты 1720-дан астам бейнематериалдар сақталған. Олардың ішінде көркем және деректі фильмдер, Тұңғыш Президентпен қызметтес болған азаматтардың сұхбаттары, тарихи маңызды салтанатты шаралар мен әңгімелердің жазбалары және тағы басқалары бар.
Елбасының Жеке архивіндегі бейнематериалдар мен фильмдер Президенттің кинозалында; мерекелік және атаулы күндерге арналған іс-шараларда; 6 интерактивті білім беретін үстелдерде; ЛЭД-экрандарда; Кітапхананың барлық әлеуметтік-ағартушылық, қоғамдық маңызды және ғылыми-қолданбалы жобаларында тұрақты түрде қолданылады.
Іс-шаралардың басты мақсаты – жеке архивтегі Елбасының өмірі мен қызметі және тәуелсіз Қазақстанды дамыту мен қалыптастыруда Елбасының рөлі жайлы бейнематериалдарды келушілердің назарына ұсыну.
Іс-шаралар шеңберінде көрсетілген кинотуындылардың тізімі
«ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» киносының онкүндігі (2015 ж.)
Елорда мерейтойына орай ұйымдастырылған ашық есік күндер аясындағы «ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ» киноэпопеясының күндері (2016 ж.)
«ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» киноапталығы (2016 ж.)